«Геокеңістік экономика» зертханасы

Зертхана меңгерушісі – экономика ғылымдарының докторы

Алихан Медеу Ахметқалович

Зертхананың құрылу тарихы

Геокеңістіктік экономика зертханасы География институтының құрылымындағы дербес ғылыми бөлімше ретінде 2018 жылы құрылған. Нарық жағдайындағы табиғи ресурстарының әлеуетін зерттеу География институтымен әртүрлі бағыттарда жүргізіледі, оның ғылыми-тәжірибелік және қолданбалы маңыздылығын арттыру үшін экономикалық түсініктеме беру және талдау жасау өте маңызды.  Институттың ғылыми-зерттеу қызметін, әсіресе Қазақстан аумақтарының табиғи-экономикалық жүйелерін басқару саласында іргелі және қолданбалы зерттеулерді кеңейту мақсатында, Институттың Ғылыми кеңесінің шешімімен «Геокеңістік экономика» зертханасы ашылды. Осылайша, Инстутутта табиғи-шаруашылық жүйелерді экономикалық зерттеудің негізі қаланды деуге болады.

Негізгі зерттеу бағыттары:

  • Мемлекеттік басқару органдары мен экономиканың нақты секторы компанияларының мүддесінде кеңістіктік талдау, қазіргі заманғы экономикалық ғылымның басым бағытына, институттың ғылыми зерттеулер тақырыбына сәйкес келетін іргелі ғылыми және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру;
  • Аймақтық зерттеулердің теориясы, әдіснамасы және әдістері. Ресей және басқа елдер экономикасының аумақтық құрылымы мен құрылым динамикасы. Аймақтар экономикасы, өңіраралық байланыс және аймақтық экономикалық саясат;
  • Экономикалық геокеңістікті игерудің әлеуметтік-экономикалық, экономикалық-географиялық және геосаяси мәселелері. Табиғи ресурстарды пайдалану, олардың қол жетімділігін өзгерту. Инфрақұрылымды қалыптастыру. Игерудің әсерімен экономикалық геокеңістікті трансформациялау, экономикалық әлеуеттерді қайта бөлу;
  • Экономика секторлары мен салаларының геокеңістіктік мәселелері, оларды салыстырмалы талдау, өңірлер арасындағы материалдық ағындарды зерттеу
  • Қаржы және ақпараттық ағындардың геокеңістіктік жүйесі, оның динамикасы, жетілу дәрежесі және нақылығы.

Кадрлық әлеуеті

Қазіргі уақытта зертханада 3 қызметкер, оның ішінде 1 экономика ғылымдарының докторы, 1 география ғылымдарының кандидаты, 2 жетекші инженер бар. Зертхана желілік қағида бойынша, яғни тұрақты жұмыс істейтін ғылыми қызметкерлердің шағын тобы мен нақты зерттеулер кезінде жұмысқа тартылған ғалымдар тобы негізінде жұмыс жасайды.

Негізгі басылымдар

  1. Медеу А.А. Теоретико-методологические инструменты экономической оценки водных ресурсов // Вопросы географии и геоэкологии. – 2014. - №3 – с. 24-30
  2. Медеу А.А., Медеу А.Р., Скоренцева И.Б. Великий шелковый путь в третьем тысячелетии: оценка и картографирование природных и экологических опасностей территории Казахстана и сопредельных Центрально-Азиатских государств/ Сборники на конферении науки и техники «International Eurasian Academy of Sciences». 2015 Euro-Asian Economic Forum – Xi`an, China – 2015г. – С.125-162
  3. Медеу А.А. Экономическая оценка водных ресурсов в контексте платного водопользования / Материалы Международной научно-практической конференции «Водные ресурсы Центральной Азии их использование», посвященной подведению итогов объявленного ООН 10-летия «Вода для жизни», Алматы, 22-24 сентября 2016г. – Т. 2. – С. 150-160.
  4. Medeu A., Askarova M. “Green Economy” in Kazakhstan: Opportunities, State and Prospects / GEOMED 2016 4th International Geography Symposium. Book of proceedings May 23-26, 2016. – Kemer, Antalya.– P. 755-765.
  5. Medeu A., Askarova M. «Assessing the level of environmental health security affected by atmosphere pollution» // European journal of Geography. Volume 7, Number 2, June, 2016. – Spain. – P. 71-84.
  6. Askarova M., Medeu Al., Medeu Akh. «Green Economy» as the Country’s Development Strategy with a High Shere of the Commodity Sector in the Context of Globalization/ American Journal of Environmental Sciences, 2017-13(2) – P. 172-181.
  7. Медеу А.А. Казахстан в процессах глобализации: возможности и риски – Алматы, 2017 – 184с.
  8. Медеу А.А. Теоретико-методологические инструменты экономической оценки водных ресурсов // Вопросы географии и геоэкологии. – 2014. - №3 – с. 24-30

 

Даму мүмкіндіктері

Зертхананың даму болашағы ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін қолдану, сонымен атар ұжымдық сараптама, ұлттық және халықаралық деңгейде геокеңістіктік экономика саласындағы зерттеулерді кеңірек үйлестіру болып табылады.