ТАБИҒИ ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІК ҚАУІПТЕР МЕН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ҚАТЕРЛЕРІ АТЛАСЫ

 негізінен төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша, стратегиялық шараларды жасау мен мемлекеттік сипаттағы  басқару шешімдерін қабылдау үшін негіз бола алатын жаңа ғылыми-ақпараттық, әдістемелік және фактологиялық картографиялық туынды.

1-ші томда 5 бөлім бойынша карталар ұсынылған:

  • жалпы бөлім (10 карта)
  • ТЖ алдын алуды және жоюды ұымдастыру (7 карта),
  • табиғи қауіптер және қатерлер (106 карта),
  • биологиялық-әлеуметтік қауіптер және қатерлер (36 карта),
  • техногендік қауіптер және қатерлер (26 карта).

2-ші томда 4 бөлім бойынша 116 карта ұсынылған:

  • техногендік сипаттағы техногендік қауіптер және қатерлер (24 карта),
  • геоморфологиялық қауіптер және қатерлер (66 карта),
  • метеорологиялық қауіптер және қатерлер (20 карта),
  • биологиялық-әлеуметтік қауіптер және қатерлер (6 карта).