ҚР Білім және ғылым Вице-министрі А. Қ. Аймағамбетовтың «География институты»  ЖШС ресми сапары

2018 жылдың 4 қазанында География институтына Алматы қаласындағы  ғылыми ұйымдарға бару бағдарламасына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрінің Вице-министрі міндетін уақытша атқарушы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов келді.                                                                                                          А. Қ. Аймағамбетов География институтына бару барысында кейбір зертханалардың ғылыми қызметімен танысты. Ол су ресурстарына, геоақпараттық сандық технологияларға, қашықтықтан зондылауға, қауіпті гидрологиялық процестерді дамытуға қатысты жұмыстарға ерекше қызығушылық танытты.  Материалдық және аспаптық базамен, автокөлік паркімен, сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жағдайларымен танысып, жас мамандар мен PhD докторларының болуына қызығушылық танытты.                           Вице-министрдің институттың жетекші ғалымдарымен кездесуінде ҚР ҰҒА академигі А. Медеу (География институтының директоры) ғылыми және ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарының негізгі нәтижелері туралы баяндады. Вице-министрдің барлық сұрақтарына толық жауап берілді.                     Асхат Қанатұлы География институты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ең алдыңғы қатарлы институттарының бірі болып табылатынын, институттың зерттеу нәтижелері сұранысқа ие екендігін және республика үшін су қауіпсіздігі мәселелерінің аса маңызды екенін атап өтті. ҚР БҒМ бұл бағытты ГАЖ - технологиялар саласындағы жұмыстарды, сөзсіз қолдайтын болады, сонымен қатар бұл салада География институты айтарлықтай нәтижелерге ие.
Жалпы алғанда, А.Қ. Аймағамбетов ғалымдардың жұмысын жоғары бағалады және Институттың қызметкерлеріне су ресурстары, қауіпті табиғи процестер, табиғи ресурстар, туризм және ГАЖ технологиялары саласында жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулерге үлкен ризашылығын білдірді.

IMG_0512

IMG_0528