ҚАР КӨШКІНІ МАУСЫМЫ БАСТАЛАДЫ!!!!

Наурызда қар көшкіндерінің саны күрт артады. Бұл қардың биіктігіне және наурыздағы қардың еруіне байланысты. Ылғалды қар беткейлерде тұрақсыз жатады. Статистикаға сәйкес, адамдардың көпшілігі өздері тудырған көшкіндерде өледі!

Көшкін түсу қаупі бар Маусымда таудағы жүріс-тұрыс ережелері қарапайым және оларды сақтау өмірді құтқара алады:

  • Тек белгілі қауіпсіз жолдармен жүріңіз. Қарлы беткейлерде жолды кесуге тырыспаңыз
  • Арнайы дайындалған шаңғы трассаларынан тыс шаңғымен сырғанаудан аулақ болыңыз
  • Көшкін қаупі туралы ескерту тақталары түрған аумақтан ары жүрмеңіз, бұл сізге және айналаңыздағыларға қауіпті болуы мүмкін
  • Ауа-райының болжамын және көшкін қаупі туралы ескертулерді мұқият қадағалаңыз. Қатты жауын-шашын, боран және қардың еруі көшкін жүруінің белгісі болып табылады
  • Экстремалды спорт түрлерімен тек тәжірибелі гид-нұсқаушының басшылығымен айналысыңыз
  • Жазатайым жағдайда құтқарушыларды бірыңғай диспетчерлік қызметтің 112 телефоны бойынша шақырыңыз

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР:
Қар көшкіні туралы оқу құралы -https://drive.google.com/file/d/1jRvkIwxLQYH1e5So81MDo5r1-58rwNBT/view?usp=sharing

Апталық қар көшкіні Бюллетені -https://drive.google.com/file/d/133_zyZh3iS6ziNHgG0uykjwmKwrtRIJI/view?usp=sharing

Көшкін қаупі бар учаскелер схемасының карталары -https://drive.google.com/drive/folders/1YmrkKuxgwSaL8JOGPvL6MkgExk2kzh8w?usp=sharing

Тауда абай болыңыз!!!!

 Табиғи қауіп-қатерлер зертханасының қызметкерлері.

Благовещенский В.П.

Жданов В.В.