2022 ж 14-16 наурызда география және су қауіпсіздігі институтының табиғи қауіп-қатерлер зертханасының қызметкерлері Іле Алатауындағы Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің аңғарларындағы қар көшкінінің алдын алу шараларына қатысты. Алдын алу жұмыстарын Қазселденқорғау, Қазгидромет және Қазвзрывпром жүргізді. Алматы-Космостанция және Шымбұлақ – Тұйықсу жолдарына қауіп төндірген екі қар көшкіні жарылыспен жойылды.
Алматы-Космостанция жолындағы көшкін
Шымбұлақ-Тұйықсу жолындағы көшкіннің басталған орны
Көшкін үйіндісін тазалау
Шымбұлақ-Тұйықсу жолындағы қар көшкініндегі ор