Қар көшкінінің алдын-алу

2022 ж 14-16 наурызда география және су қауіпсіздігі институтының табиғи қауіп-қатерлер зертханасының қызметкерлері Іле Алатауындағы Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің аңғарларындағы қар көшкінінің алдын алу шараларына қатысты. Алдын алу жұмыстарын Қазселденқорғау, Қазгидромет және Қазвзрывпром жүргізді. Алматы-Космостанция және Шымбұлақ – Тұйықсу жолдарына қауіп төндірген екі қар көшкіні жарылыспен жойылды. 

Алматы-Космостанция жолындағы көшкін

Көшкін түсу аймағындағы жарылыс

Шымбұлақ-Тұйықсу жолындағы көшкіннің басталған орны

Көшкін үйіндісін тазалау

Шымбұлақ-Тұйықсу жолындағы қар көшкініндегі ор