Институт Жарғысы

«Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ директорлар Кеңесінің

2010 жылғы «28» қазандағы

№15 шешімімен бекітілген

 

«География институты» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігінің

Ж А Р Ғ Ы С Ы

Қазақстан Республикасы,

Астана қ., 2010 ж.


  1. Жалпы ережелер

1.1 «География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Серіктестік) Қазақстан Республикасының заңнамасына сай заңды тұлға болып табылады.

1.2 Серіктестік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және «Жер туралы ғылым, металлургия және кен байыту орталығы» Акционерлік қоғамының 2007 жылдың 22 қазанындағы № 134 бұйрығымен құрылды.

1.3 Серіктестіктің құрылтайшысы 27.07.2007 ж. Алматы қ. Әділет департаменті берген № 87113-1910-АО мемлекеттік тіркеу туралы күәлігі негізінде әрекет ететін, Алматы қ. Шевченко к., Үәлиханов к-сі қиылысы, 29/133-мекен-жайында орналасқан,   СТН 600900578227, банктік реквизиттері: Алматы қ. «Банк ЦентрКредит» АҚ АҚФ ИИК 801609959, БИК 190501719, КБЕ 16, «Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы» болып табылады.

1.4 Серіктестіктің қатысушысы 25.09.2008 ж. алған № 31916-1901-АО заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы күәлігі негізінде әрекет ететін, Астана қ. Республика даңғылы, 24 –мекен-жайында орналасқан, СТН 620200331666, БИН 080940015569, банктік реквизиттері: «Народный Сберегательный Банк Казахстана» АҚ № 119900 Астана аймақтық филиалы, ИИК 043467489, БИК 195301603, КБЕ 17, «Парасат» Ұлттық ғылыми-техникалық холдингі» акционерлік қоғамы болып табылады.

1.5 Серіктестіктің фирмалық атауы:

  • мемлекеттік тілдегі - толық атауы: «География институты» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қысқартылған атауы: «ГИ» ЖШС;
  • орыс тіліндегі - толық атауы: Товарищество с ограниченной ответственностью «Институт географии», қысқартылған атауы: ТОО «ИГ».

1.6 Серіктестіктің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қ., Медеу ауданы, Қабанбай батыр/Пушкин к-сі, 67/99 үй.

1.7 Серіктестіктің қызмет мерзімі – шектелмеген.

 

  1. Серіктестіктің заңды мәртебесі

 

2.1 Серіктестік әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен мезетінен бастап заңды тұлға құқығына ие болады.

2.2 Серіктестіктің мөрі, дербес теңгерімі, банктерде шоттары, өз атауы жазылған бланкілері, нышаны және басқа атрибуттары бар.

2.3 Серіктестік өз қызметінің мақсаттарына жету үшін өз атынан келісім жасауға, мүліктік және мүліктік емес жеке құқтарға ие болуға, міндеттер атқаруға, сотта даугер және жауапкер болуға құқы бар.

2.4 Серіктестік Қазақстан Республикасы аумағында және шет елдерде өз филиалдарын мен өкілдіктерін құруға, басқа заңды тұлғалармен ынтымақтасуға (одақтасуға), сонымен бірге, басқа заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы.

2.5 Серіктестік өз міндеттері үшін барлық мүлкімен жауап береді.

Серіктестік өзінің Қатысушыларының міндеттері бойынша жауапты емес.

2.6 Серіктестіктің Қатысушысы он міндеттемелері бойынша жауапты емес және Серіктестіктің қызметтеріне байланысты шығындар қаупінің өзінің үлесіне сай жауапты.

2.7 Серіктестік әрекеттегі заңдарға сәйкес облигациялар шығара алады.

2.8 Серіктестік Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес өз мүлкіне өз қызметі мақсаттары мен мүліктің арналымына сәйкес өзі ие, пайдаланып жұмсай алады.

2.9 Серіктестік әрекетті заңдарға сәйкес бухгалтерлік және салықтық есеп- қисап жүргізіп, салықтық және қаржылық есеп береді.

Серіктестік заңдарға сәйкес жүргізілген есеп-қисаптары мен есептерінің сенімділігіне жауап береді.

2.10 Серіктестік бағалы қағаздар иеелерінің (тіркеуші) реестрі жүйесін жүргізу бойынша қызмет ету лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен Серіктестік қатысушыларының реестрін жүргізуге келісім-шарт жасауға құқылы.

 

  1. Серіктестіктің мақсаттары мен қызметінің мәні (түрлері)

 

3.1 Серіктестік қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында іргелі және қолданбалы ғылымды әлемдік деңгейге дейін дамыту және жоғары технологиялар сферасындағы инновациялық қызметтердің ғылыми-технологиялық және білім беру инфраструктурасын құру болып табылады.

Серіктестік қызметінің негізгі мәні:

1) елдің әлеуметтік прогресі, экономикалық өркендеуінің және экологиялық қауіпсіздігінің негіздері ретінде Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын географиялық қамтамасыз ету аясында ғылыми, инновациялық, ғылыми-техникалық, өндірістік-шаруашылықтық, іскерлік және сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыру;

2) география және геоэкологиясаласында ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешу үшін қазіргі заманғы ғылыми, талдамалық-тәжірибелік және басқа әдістемелік қағидалар мен тәсілдерді әзірлеу және іс жүзіне асыруды қамтамасыз ету;

3) мемлекет үшін әлеуметтік- экономикалық мәні бар отандық және дүниежүзілік ғылымдардың жаңа әзірлемерін енгізуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және оларды Қазақстан Республикасында пайлалануға жәрдемдесу;

4) географиялық ортаның эволюциясы мен республиканың географиялық жүйесінің табиғи-ресурстық әлеуетінің динамикасының қазіргі заманғы заңдылықтарын оқып-зерттеу;

5) жер беті су ресурстары мен режімін климат пен шаруашылық қызметтерінің өзгерістерінін ескере отырып бағалап, болжау;

6) қауіпті апаттық құбылыстардың, табиғи апаттардың және табиғи ортаның экологиялық қауіпті өзгерістерінің қалыптасу заңдылықтарын анықтау;

7) Қазақстан Республикасының табиғатты үнемді пайдаланудың, қоршаған ортаны қорғаудың, экологиялық тұрақсызданған табиғи-шаруашылық жүйелерді қайта құрудың ұлттық және аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуының бағдарламаларының негіздері ретінде географиялық ортаның жайын басқарудың ғылыми-әдістік және талдаулық базасын жасау;

8) табиғатты пайдалану саласында зерттеу, жоспарлау және басқару ұйымдарының қызметтерін геоақпараттық және картографиялық қамтамасыз етудің құралдарын жасау және жетілдіру;

9) жоғары білікті ғылыми кадрлар даярлау және ұдайы олардың біліктілігін арттыру;

3.2 Серіктестіктің қызметінің негізгі түрлері:

1) мемлекеттік, аймақтық, салалық, халықаралық және бағдарламалар мен жобалардың ауқымында, сондай-ақ география және геоэкология, қоршаған ортаны қорғау саласындағы отандық және шетелдік қорлардың гранттары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;

2) мемлекеттік артықшылыққа ие республикалық табиғи-шаруашылық жүйелердің және су шаруашылық кешендерінің дамуы бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;

3) географиялық ғылымдар салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулердің басымдылығы мен негізгі бағыттарын анықтауға қатысу; география ғылымының саласында мемлекеттік, аймақтық, салалық, сала аралық және ғылыми - техникалық бағдарламаларда жобалар жасау және оны Орталыққа ұсыну;

4) пәнаралық бағдарламаларды қалыптастыруға және іске асыруға қатысу, Серіктестік қызметінің негізгі бағыттары бойынша ғылыми ұйымдармен зерттеу жұмыстарын үйлестіру;

5) мемелекеттің елеулі әлеуметтік-экономикалық мәні бар табиғи-шаруашылық және сушаруашылық кешендерінің тұрақты жұмыс атқаруын ғылыми-техникалық қамтамасыз етуге қатысу;

6) табиғатты пайдалану және суды пайдалану саласында ресурстарды сақтайтын және экологиялық қауіпсіз жобаларды әзірлеуге қатысу;

7) Серіктестік қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін алдыңғы қатарлы технологиялар, бірлескен өндірістер жасау мақсатында өзге де заңды тұлғалардың қызметіне өз қаражаттарымен қатысу;

8) ғылыми-техникалық әзірленімдерді нарықтандыру, инновациялық және инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды интеллектуалды Серіктестікті пайдаланып іске асыру;

9) Серіктестік өндіретін ғылыми өнімдер мен тауарларды өндіру және өткізу;

10) ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары мен жоспарларын қалыптастыру, Серіктестік орындаған аяқталған ғылыми зерттеулерді қабылдау;

11) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындау және ғылыми-ақпараттық қаматамасыз ету үшін жағдайлар жасау, қазіргі заманғы материалдық-техникалық база мен инфрақұрылым қалыптастыру, стационарлар, станциялар, ашық зертханалар құру;

12) жоғарғы кәсіби білімді мамандар даярлау және оларды даярлауға қатысу, аспирантура, доктарантура, ізденуші арқылы жоғарғы білікті ғылыми және ғылыми-педагогика кадрларын жоғарғы оқу орнынан кейін даярлау; Серіктестік қызметкерлерін аттестациядан өткізу;

13) Серіктестік қызметкерлерінің, сондай-ақ табиғат қорғау ұйымдарының және су шаруашылық кешендер жұмыскерлерінің біліктіліктерін, ғылыми қызметкерлермен стажировкалар ұйымдастыру, даярлау, қайта даярлау және кәсіптік білімдерін қайта көтеру арқылы қосымша білім беру;

14) Серіктестіктің кадрлық әлеуетін қалыптастыру және күшейту, Серіктестіктің қызмет бағыттары бойынша ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларға болашақ қажеттіліктерді талдау мен жоспарлауға қатысу;

15) ғылыми зерттеулерді және кадрлар даярлауды жүргізі мәселелері бойынша жоғарға оқу орындарымен ынтымақтастықты жүзеге асыру, жоғарғы мектеппен байланыстарды кеңейту және нығайту мақсатында ғылыми-біліми кешендер құруға қатысу;

16) халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтамақтастықты және сыртқы экономикалық іс-әрекетті жүзеге асыру, шетелдердің кәсіби ғылыми орталықтарымен ғылыми-техникалық байланыстар мен ынтымақтастықты дамыту Серіктестік қызметінің бағыттары бойынша маманданған халықаралық ұйымдардың жұмыстарына қатысу, халықаралық ғылыми Орталықтарды ұйымдастыруға және олардың қызметіне қатысу;

17) әр түрлі меншіктегі ғылыми және өндірістік ұйымдармен және кәсіп орындармен тікелей байланыстар орнату, Серіктестіктің бейіні бойынша бірлескен жобалар мен ғылыми ынтымақтастықты жүзеге асыру;

18) картографиялық өнімдер шығару бойынша кәсіпорындар құру үшін ізденулік, талдаулық-тәжірибелік іс-әрекеттерге қатысу;

19) география және геоэкология саласында жобалау, геологиялық барлау, жобалау-іздестіру жұмыстарын орындауға қатысу;

20) Серіктестікке бекітілген ғылыми бағыттардың барлық циклдері бойынша ақпараттық, ақыл-кеңестік және маркетингтік қызметтер көрсету;

21) табиғи-шаруашылық және су шаруашылық кешенді кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін ғылыми-әдістемелік және нормативтік қамтамасыз етуге қатысу;

22) табиғи-шаруашылақ және су шаруашылық кешендерінің экологиялық қауіпсіздігі бойынша нормативтік-құқықтық құжаттаманы әзірлеуге қатысу;

23) табиғи-шаруашылық және су шаруашылық кешенді кәсіпорындардың экологиялық аудитіне қатысу;

24) қысқа және ұзақ мерзімдік болжаулар, ұсыныстар беру арқылы заң жобаларының, нормативтік-құқықтық актілердің, сондай-ақ Серіктестік қызметінің бағыттары бойынша ғылыми бағдарламалардың және жобалардың ғылыми және экологиялық сараптамасына қатысу;

25) табиғи-шаруашылақ және су шаруашылық кешенді кәсіпорындарға қызмет көрсету бойынша технологиялар және әдістерді стандарттау, ақпараттандыру және сертификаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру ғылыми қамтамасыз етуге қатысу;

26) табиғи-шаруашылақ және су шаруашылық кешендер кәсіпорындарының ғылыми-техникалық және инженерлік мәселелерін шешу үшін деректер банктерін қалыптастыру; отандық және шетелдік ғылыми әзірлемелер мен технологиялар бойынша нақты жобаларға талдау және іріктеу жүргізу;

27) ғылыми зерттеулерді патенттік-құқықтық қостау, жаңалық ашуға ұлттық және халықаралық тапсырыстар бойынша қорғау құжаттарын алуға тапсырыстарды ресімдеу, лицензиялық келісім-шарттар мен патенттік құқықытарға көну туралы келісім-шарттарды рәсімдеуге және тіркеу, маркетингтік зерттеулер, интелектуалды меншік объектілерінің құнын бағалау;

28) интеллектуалды меншікті қорғауды, Серіктестікке орындалған жұмыстар бойынша ғылыми және мемлекеттік басымдылықты қорғауды қамтамасыз ету; интеллектуалды меншік объектілеріне және құпия ғылыми, ғылыми-техникалық және технлогиялық ақпараттарға құқықтарды сатып алу және беру;

29) ғылым жетістіктерін насихаттауды қамтамасыз ету, халықаралық және республикалық съездер, сессиялар, конференциялар, семинарлар, жиналыста, көрмелер ұйымдастыру және өткізу;

30) Серіктестіктің бейіні бойынша ғылыми журналдар, монографиялар, ғылыми еңбектердің жинақтарын және басқа жарнамалық-ақпараттық материалдар басып шығару;

31) сауда-саттық, делдалдық және коммерциалық қызмет;

32) әлеуметтік және тұрғын үй объектілерін жоспаралау және салу кезінде инвестициялау және (немесе) үлес қосу жолымен, Серіктестік қызметкерлерінің әлеуметтк және тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған қызмет;

33) Серіктестік өндіретін өнімдер жарнамасын және өткізу нарығын ұйымдастыру;

34) заңнамалық тәртіп бойынша халықаралық ынтымақтасу және сыртқы экономикалық қызмет көрсету;

35) ақпараттық, консалтингтік, инжинирингтік, маркетингтік, менеджменттік қызмет түрлері;

36) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.

3.3 Егер жекелеген қызмет түрлері мен жекелген іс-әрекет түрлерін жүзеге асыру үшін лицензия (рұқсат) талап етілсе, онда осы қызмет және іс-әрекет түрлері тек тиісті лицензия (рұқсат) болған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. 1998 жылғы 9 шілдедегі №272-1 «Табиғы монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4 бабына сәйкес Серіктестік табиғи монополиялар саласына жататын қызмет түрлерін жүзеге асыра алмайды.

 

  1. Серіктестік қатысушысының құқықтары мен міндеттері

 

4.1 Серіктестік қатысушысы құқылы:

1) Қазақстан Республикасы заңнамасында және осы Жарғыда қарастырылған тәртіп бойынша Серіктестіктің істерін басқаруға қатысуға;

2) Серіктестік Жарғысында көрсетілген тәртіппен Серіктестің қызметі туралы ақпарат алуға және оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға;

3) Серіктестіктің тапқан таза табысын бөлісуге қатысуға;

4) Серіктестік таратылған жағдайда кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктен өз үлесіне сәйкес бөлігінің құнын немесе Серіктестіктің барлық қатысушылырының келісімі бойынша оның мүлкінің бір бөлігін заттай алуға;

5) өз үлесін иеліктен шығару жолымен Серіктестікке қатысуды тоқтатуға;

6) заңнамада және (немесе) Серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзған Серіктестік органдарының шешімдерін сот тәртібімен даулауға;

7) Серіктестің қызметі туралы ақпарат алуға және құжаттамасымен танысуға:

4.2 Серіктестік қатысушысы міндетті:

1) құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;

2) құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп пен мөлшерде, тәсілдер мен мерзімдерде салымдар енгізуге;

3) Серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге;

4) Серіктестіктің мүлкінен өз үлесінің бағасына сәйкес бөлігін бөлуді талап етпеуге;

5) Серіктестікке өз іс-әрекеттерімен зиян келтірмеуге;

6) Серіктестік қатысушылары тізімін жүргізген жағдайда, Серіктестік қатысушылары туралы мәліметтердің өзгергендігі туралы атқарушы органды, сондай-ақ тіркеушіні жазбаша хабардар етуге;

7) Жарғылық салымдағы өз үлесін үшінші бір тұлғаға бергені жайлы басқарушы органды жазбаша хабардар етуге;

8) Серіктестікке өз акциясын сатып алуды ұсынуға міндетті.

4.3 Серіктестік қатысушысы осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де құқықтарға ие, өзге міндеттері де бар.

 

  1. Серіктестіктің жарғылық капиталы және мүлкі

 

5.1 Серіктестіктің Жарғылық капиталы оның 100% (жүз пайызын) құрайтын 38 408 162,15 (отыз сегіз миллион төрт жүз сегіз мың жүз алпыс екі теңге (он бес) тиын мөлшерде қалыптастырылған.

5.2 Серіктестіктің мемлекеттік тіркелу сәтіне Жарғылық капиталдың 100 (жүз) % толық қалыптастырылған.

5.3 Серіктестіктің жарғылық капитал жарналары ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы мен зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқық және өзге де мүлік болуы мүмкін.

Жарнаны жек мүліктік емес құқық және басқа материалдық емес байлық түрінде слауға тыйым салынады.

5.4 Серіктестіктің Жарғылық капиталына қосымша жарна салу туралы шешімді Серіктестіктің Құрылтайшысы қабылдайды.

5.5 Жарғылық капиталды белгіленген уақытта салмаған жағдайда Құрылтайшы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауап береді.

5.6 Қатысушының шешімімен Серіктестіктің жарғылық капитал мөлшері өзгертілуі мүмкін.

5.7 Серіктестіктің жарғылық капиталы мөлшерін өзгерту (өсіру немесе азайту) Қазақстан Республикасы заңнамаларында қарастырылған тәртіппен жүргізіледі.

5.8 Серіктестіктің жарғылық капиталы мөлшерін, мемлекеттік тіркеуден өту мезетіндегі ең төменгі шамасынан төмендетуге болмайды.

5.9 Серіктестіктің мүлкі қатысушының жарғылық капиталға бастапқы жарнасы, Қатысушының қосымша жарнасы, Серіктестіктің шаруашылық және іскерлік істерінен түскен табыстары, сондай-ақ заңнамада тыйым салынбаған Серіктестің алған несиелері мен басқа да мүліктері есебінен құралады.

 

  1. Серіктестіктің қорлары

 

6.1 Серіктестік оның Қатысушысының шешімі бойынша өндірісті дамыту қорын, материалдық сыйақы және әлеуметтік-мәдени шаралар қорын, басқа да қорлар құруға құқылы.

6.2 Әрбір қордың құрамы, бағыты, мөлшері, қалыптасу көзі және пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Серіктестіктің Қатысушысы анықтайды.

6.3 Серіктестік экономикалық тиімділік және коммерциялық мақсаттылық қағидасында қорларға толық иелік ете алады.

 

  1. Серіктестіктің органдары

7.1 Қатысушы Серіктестіктің істерін басқаруға қатысады, осы жарғымен оның құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешеді. Қатысушы қабылдайтын шешімдер жазбаша рәсімделеді.

7.2 Серiктестiк Қатысушысының айрықша құзыретiне мыналар жатады:

1) Серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерiн, орналасқан жерi мен фирмалық атауын өзгертудi қоса алғанда, серiктестiктiң жарғысын өзгерту немесе серiктестiктiң жаңа редакциядағы жарғысын бекіту;

2) Серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестікті немесе оның мүлкiн сенiмгерлік басқаруға беру туралы шешiм қабылдау және осылай берудiң шарттарын айқындау;

3) Сенімді басқармаға Серіктестікті немесе оның мүлігін беру туралы шешім қабылдау және осындай берілістің жағдайын анықтау;

4) Серіктестіктің тексеру комиссиясын (тексерушіні) сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ Серіктестіктің тексеру комиссиясының (тексерушісінің) есептері мен қорытындыларын бекіту;

5) жылдық қаржылық есептілiкті бекiту және таза табысты бөлу;

6) оларды бекіту серіктестіктің Жарғысында Серіктестіктің өзге органдарының құзыретіне жатқызылған құжаттардан басқа; серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімін және басқа да құжаттарды бекіту;

7) Серiктестiктiң өзге де шаруашылық серiктестiктерiне, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешiм;

8) Серiктестiктi қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешiм;

9) Тарату комиссиясын тағайындау және тарату теңгерімдерін бекiту;

10) Серiктестiктiң барлық мүлкiн кепiлге беру туралы шешiм;

11) Серіктестік қатысушысынан үлесін мәжбүрлі түрде сатып алу туралы шешім;

12) Серіптестіктің филиалдарын құру және өкілдіктерін ашу туралы шешім;

13) Серiктестiктiң мүлкiне қосымша жарналар енгiзу туралы шешiм;

14) Серіктестіктің есеп жүргізу саясатын бекіту.

7.3 Қатысушының айрықша құзыретіне жататын мәселелер Серіктестіктің басқа органының шешуіне беріле алмайды.

7.4 Қатысушы Серіктестіктің қызметімен байланысты кез-келген мәселені күн тәртібіне қоя алады.

7.5 Серіктестіктің атқарушы органының қызметін қадағалау үшін Бақылау кеңесі құрылады.

7.6 Серіктестіктің Бақылау кеңесінің құзыретіне келесі мәселелер жатады:

1) Серіктестіктің міндеттемелерінің көлемі, оның меншікті капиталының мөлшерінен 20% (жиырма пайыз) және одан да көбірек пайызға өсуі мүмкін;

2) Қоғамда тексеру комиссиясының (ревизордың) жоқ болу жағдайында Серіктестіктің жылдық қаржы есебін алдын-ала бекіту;

3) Серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін (Серіктестіктің қызметін ұйымдастыру мақсатында атқарушы орган қабылдаған құжаттарды қоспағанда) Бақылау кеңесінің тізімі бойынша анықтаған, оның ішінде Серіктестік қызметкерлерінің еңбек ақысы мәселелерін реттейтін ішкі құжаттарды бекіту, өкілдік шығындарды жүзеге асыру;

4) Серіктестіктің меншікті капиталының жалпы көлемінен 25% (жиырма бес пайыз) асатын келісім жинағын және де Серіктестіктің қозғалмайтын мүлігін сенімді басқаруға беру, сатып алу, иелену, кепілдік туралы келісімдерді бекіту;

5) Серіктестіктің бюджетін бекіту, Серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметінің орташа мерзімді жоспарын келісу;

6) Серіктестіктің есеп саясатын алдын-ала келісу;

7) жетекші және атқарушы органдардың мүшелеріне сыйақы және еңбекақы төлеу шарты, қызметтік жалақысының мөлшері, өкілдік мерзімі, сандық құрамын анықтау, егер атқарушы органның басшысы болмаған жағдайда атқарушы орган басшысының қызметін

уақытша атқаратын қызметкерді тағайындау, сондай-ақ оның өз инициативасы бойынша еңбек келісім-шартын мерзімінен бұрын тоқтату;

8) Бақылау кеңесі бекітетін Серіктестіктің жетекші қызметкерлерінің лауазымдарының тізімін анықтау;

9) осы бөлімнің 8) бөлімшесіне сәйкес Директордың орынбасары, сондай-ақ басқа да тұлғалардың лауазымын бекіту;

10) Серіктестіктің басқарушы құрылымдары және қызметкерлерінің штатын (жалпы санын) бекіту;

11) Серіктестік бюджетінің орындалуы туралы жылдық есепті бекіту, Серіктестіктің жарты жыл және жыл бойы қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарының орындалуы туралы есепті келісу;

12) Серіктестік Қатысушысы мен атқарушы органның құзырына жатпайтын, осы жарғы мен Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да мәселелер;

7.7 Серіктестіктің Бақылау кеңесі осы Жарғыға сәйкес Серіктестіктің атқарушы органының құзіретіне берілген мәселелерді шешуге, сондай-ақ, Қатысушының шешіміне қарсы келетін шешімдер қабылдауға құқы жоқ.

7.8 Бақылау кеңесі мүшелерін Қатысушы өзі белгілеген мерзімге, бірақ 5 (бес) жылдан аспайтын уақытқа сайлайды. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасын қайшы келмесе, Бақылау кеңесіне тұлғалар шектеусіз рет сайлана алады.

7.9 Бақылау кеңесі мүшелері үш адамнан кем болмауы тиіс.

7.10 Бақылау кеңесіне тек жеке тұлғалар ғана мүше бола алады. Серіктестіктің атқарушы органдары мүшелері Бақылау кеңесіне сайлана алмайды.

7.11 Бақылау кеңесіне келесі тұлғалар мүше бола алмайды:

1) жоғары немесе арнайы орта білімі жоқ;

2) сотталғандығы заңға сәйкес өтелмеген немесе алынып тасталмаған;

3) бұрын жемқорлық қылмыс жасаған;

4) Белгіленген тәртіпке сәйкес банкрот деп жарияланған заңды тұлғаның мәжбүрлі таратылуы немесе мәжбүрлі түрде акцияларының сатылуы, немесе консервациялануы жайлы шешімнен бір жылдан аз емес уақыт аралығында болған директорлар кеңесінің төрағасы, бірінші жетекшісі (басқару төрағасы), жетекшінің көмекшісі, бас бухгалтері. Аталған талап өзге банкрот деп жарияланған заңды тұлғаның мәжбүрлі таратылу немесе мәжбүрлі түрде акциялары сатылуы, немесе мәжбүрлі консервациялануы жайлы шешімінен кейін 5 (бес) жылға дейін сақталады.

7.12 Серіктестіктің Бақылау кеңесі төрағасы, егер ол Қатысушының шешімімен анықталмаса, оның мүшелерінің арасынан ашық дауыс беруімен сайланады.

7.13 Төраға Бақылау кеңесі жұмысын ұйымдастырып, оның мәжілістерін өткізеді, сондай-ақ Серіктестік Жарғысына сай басқа да функцияларды атқарады. Төрағаның жоқ кезінде оның функциясын Бақылау кеңесі шешімімен Бақылау кеңесінің басқа мүшесіне атқарады.

7.14 Бақылау кеңесінің жиналысы оның Төрағасының немесе Серіктестіктің атқарушы органының шешімімен, сондай-ақ, Бақылау кеңесінің кез келген мүшесінің, Қатысушының талабымен шақырылады.

Бақылаушы кеңес отырысы Бақылаушы кеңестің Төрағасымен немесе Серіктестіктің орындаушы органымен шақыру талабының түскен күнінен бастап 30 күннің ішінде шақырылуы керек. Бақылаушы кеңес төрағасы мәжілісті шақырудан бас тартқан жағдайда инициатор Бақылаушы кеңестің отырысын шақыруға міндетті Серіктестіктің атқарушы органына өтініш жасауына құқылы.

7.15 Бақылаушы кеңестің Мүшесі өзінің Бақылаушы кеңестің отырысына қатыса алмауы туралы Серіктестіктің атқарушы органын немесе Бақылаушы органның Төрағасын (тұлға, орнын басушы) алдын ала хабардар етуге міндетті.

7.16 Бақылаушы кеңес отырысына Серіктестіктің Бақылаушы кеңесінің сайланған мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, отырыс заңды болып саналады.

Бақылау кеңесінің құзыретіне жататын кез келген сауалдар бойынша шешімін Бақылаушы кеңес мүшелерінің 50 не одан да көп пайызы қолдаса қабылданған болып саналады.

7.17 Бетпе-бет өткен Бақылаушы кеңестің отырысында қабылданған шешім отырыс өткен күннен бастап 3 күннің ішінде Төрағалық еткен тұлға мен отырыс хатшысы қол қойған хаттамамен рәсімделінеді.

Отырыс хаттамасында:

  • Серіктестіктің толық аты мен оның атқарушы органының орналасқан жері
  • Отырыстың өту мерзімі, уақыты мен орны
  • Отырысқа қатысқан тұлғалар жөнінде мәлімет
  • Отырыстың күн тәртібі
  • Сауалнамаға қойылған сұрақтар мен оның нәтижесі
  • қабылданған шешімдер
  • Бақылаушы кеңес шешіміне байланысты өзге де мәліметтер

7.18 Бақылаушы кеңесінің мүшесі, ұстанған шешімді мақұлдамаса және оған қарсы дауыс берсе, жазбаша түрде ерекше ойын білдіруге және оны Бақылаушы кеңесінің протоколына қосалқы турде беруіне құқылы.

7.19 Бақылаушы кеңесінің шешімі, мәжіліс отырысының шешімісіз сырттай дауыс берумен қабылданылады. Сырттай дауыс беруде әрбір сұраққа байланысты дауыс берудің қортындысы мәжілістің күн тәртібінде дауыс беру бюллетенінде шағылысады, және әрбір Бақылаушы кеңесі мүшесінің қолымен бекітіледі. Дауыс беру бюллетеньдеріне қол қойған және мерзімінде дұрыс рәсімделген бюллетньді көрсеткен Бақылаушы кеңесінің мүшелері дауыс беруге қатысқан болып саналады. Бақылаушы кеңесінің мүшесінің қолы қойылмаған бюллетень жарамсыз болып табылады.

7.20 Бақылаушы кеңесінің сайлауы кезінде әрбір мүшесінің бір дауысқа құқылы. Серіктестік Бақылаушы кеңесінің мүшесі дауыс беру мүмкіндігін басқа Серіктестік Бақылаушы кеңесінің мүшесіне немесе жеке тұлғаға беруіне тыйым салынған.

7.21 Бақылаушы кеңес мүшелері Бақылаушы кеңеске жүктелген тапсырманы шешуге қажет ақпаратты Серіктестіктен талап етуге құқылы.

7.22 Бақылаушы кеңестің мүшелері өздерінің құзыретін орындауына байланысты шығындарды, сонымен қатар іссапар шығындарының орнын тольыруға құқылы.

7.23 Бақылаушы кеңестің мүшелері Бақылаушы кеңестің шешіміне әсер еткені үшін тікелей не жанама түрде сыйақы алуға хақы жоқ.

Бақылаушы кеңес мүшелеріне қойылған шектеулер Серіктестіктің атқарушы органының заңнамасының 7.29 бөлімінде қарасытырылған.

  • Бақылаушы кеңестің мүшелері Серіктестікке және үшінші жаққа тигізген шығындары үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікті көтереді.
  • Қатысушының шешімімен Бақылаушы кеңестің кез-келген құзыретті мүшесі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
  • Серіктестіктің Бақылаушы кеңесінің құзыреттілігінің өз бастамашылығымен тоқтатылуы кез-келген уақытта Серіктестіктің Бақылаушы кеңесінің жазбаша хабарламасы арқылы жүзеге асады. Бақылаушы кеңестің мұндай мүшесінің құзыреттілігі Бақылаушы кеңестен хабарлама алған сәттен бастап тоқтатылады.
  • Егер Серіктестіктің мүшелері арқылы осы жарғыға сәйкес бірлескен атқарушы мүшесі анықталмаса, Серіктестіктің атқарушы мүшесі Директор болып табылады. Қатысушылардың Директорды тағайындауы кезінде онымен еңбек қатынасы еңбек заңнамасына сәйкес түзетіледі.

Атқарушы мүше Серіктестіктің Бақылаушы Кеңесіне және Қатысушыға есепті және олардың шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады.

7.28 Серіктестіктің Директоры:

1) сенімхатсыз Серіктестіктің атынан әрекет етеді;

2) Серіктестіктің өкілі болуға сенімхат бере алады, сонымен қатар сенімхат иесі басқа біреуге өкілеттік бере алатын сенімхат береді;

3) банктерден есептік және басқа да есеп шоттарды ашады;

4) Серіктестіктің мүлкін басқарады, яғни Қатысушы ұсынатын шектерде оның ақшасын да;

5) келешектегі және осы ағымдағы жұмыс жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді;

6) Бақылаушы кеңес және Қатысушы шешімдерінің дайындалуын және орындалуын қамтамасыз етеді.

7) Осы Жарғыға сәйкес Серіктестік қызметінің мәселелері бойынша ұйымдармен, мемлекеттік органдар, сотты қоса алғанда, қатынасы барысында Серіктестік атынан қызмет етеді;

8) Серіктестік қызметкерлеріне қатысты қызметке тағайындау, ауыстыру мен жұмыстан босату туралы бұйрықтарды шығарады, осы жарғы белгілеген көлемде еңбекке ақы төлеу жүйесін анықтайды, жалақы көлемі мен жеке үстеме ақы көлемін бегілейді, сыйақы мәселесін шешіп, ынталандыру шаралары мен тәртіп жөніндегі жаза туралы шараларды қабылдайды;

9) Серіктестіктің барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар мен жарлықтарды шығарады, нұсқаулар береді;

10) қабылданған шешімінен туындайтын жағдайлар үшін толықтай жауаты болып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Серіктестіктік шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін басқарады, Серіктестік мүлкінің сақтығы мен тиімді пайдалануын және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесіне жауапты болады;

11) Серіктестіктің барлық құрылымдық бөлімшелерінің, өндірістік бірліктрінің жұмысын және тиімді әректтесуін ұйымдастырады;

12) Қазақстан Республикасының республикалық және жергілікті бюджет, жеткізушілер, тапсырыс берушілер мен кредиторлар, сонымен бірге Серіктестік қызметкерлері алдында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы аясында барлық міндеттерінің орындалуын қамтамасыздандырады;

13) Серіктестікті мамандандырылған кадрлармен қамсыздандырады, олардың кәсіптік білімі мен тәжірибесін рационалды пайдаланып, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз жағдайлар жасайды

14) Серіктестік қызметкерлерінің арасында өкілеттігі мен жауапкершілігі аясын және міндеттерін бөледі;

15) Осы Жарғыға сәйкес Серіктестік қызметі туралы ағымдағы ақпаратты Қатысушыға уақытылы ұсынуды қамтамасыздандырады;

16) Қатысушы және Бақылаушы кеңес құзыретіне жатпайтын Серіктестіктің ағымдағы қызметіне тиісті өзге де мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

7.29 Директорға келесі әрекеттерді жасауға тыйым салынған:

1) Қатысушының рұқсатынсыз Серіктестікпен өзінің жеке пайдасына бағытталған келісімдер жасасуға (сыйлық келісімшарттары, несиелер, тегін пайдалану, сату-сатып алу және басқаларды қосқанда);

2) Серіктестік пен үшінші жақ арасындағы келісімшарттар бойынша Серіктестіктен де, үшінші жақтан комиссиялық сыйақы алуға;

3) үшінші жақ пен Серіктестің арақатынастары кезінде үшінші жақтың мүддесін жақтауға;

4) Серіктестіктің қызметіне бәсекелес кәсіпкерлік түрімен айналысуға;

7.30 Осы баптың 7.29 тармағының 1)-3) тармақшаларында қарастырылған шектеулер күші Серіктестік Директорының зайыбына (күйеуіне), тікелей қатысы бар туыстарына, сонымен қатар, туған аға-інілеріне, апа-қарындастарына (сіңлілеріне) таралады.

7.31 Атқарушы органның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау үшін Серіктестік Қатысушысы тарапынан құрамы 5 (бес) адамнан аспайтын Бақылау комиссиясы құрылуы мүмкін.

Бақылау комиссиясы қызметін атқару міндеті жеке Тексеруші ретіндегі Серіктестік Қатысушысының өкіліне жүктелуі мүмкін.

7.32 Бақылау комиссиясы немесе жеке Тексеруші Серіктестік Қатысушыларының жалпы жиналысында 5 (бес) жылға дейінгі мерзімге сайланады.

Бақылау комиссиясы немесе жеке Тексеруші қызметін Серіктестіктің атқарушы органының мүшелері атқара алмайды.

7.33 Бақылау комиссиясы (Тексеруші) кез келген уақытта Серіктестіктің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруге құқылы. Бақылау комиссиясы (Тексеруші) ол үшін Серіктестіктің барлық құжаттарын көруге құқылы. Бақылау комиссиясы (Тексеруші) талабы бойынша атқарушы орган мүшелері ауызша немесе жазбаша түрде қажетті түсініңктемелер беруге міндетті.

7.34 Бақылау комиссиясы (Тексеруші) міндетті түрде Серіктестік Қатысушы бекіткенге дейін оның жылдық қаржылық есебін тексеруге міндетті. Серіктестік Қатысушысының Бақылау комиссиясының (Тексеруші) немесе аудитордың қорытындысынсыз Серіктестіктің жылдық қаржылық есебін бекітуге құқығы жоқ.

7.35 Бақылау комиссиясы (Тексеруші) Серіктестік Қатысушысын анықталған құқық бұзушылықтар туралы, оның мүдделеріне төнген қауіп туралы хабардар етуге міндетті.

 

 

 

  1. Серіктестіктің таза табысын бөлу

 

8.1 Серіктестіктің табысы оның қызметі нәтижесінде жасалған қаржылық есеп бойынша анықталады.

8.2 Салықтар мен Серіктестіктің қорларына төлемдерді төлегеннен кейінгі қалған таза табыстың бір бөлігі Серіктестік Қатысушысына беріледі.

8.3 Серіктестіктің қосымша қоры болған жағдайда оның ықтимал шығындары қосымша қор есебінен жабылады. Қосымша қор жеткіліксіз болған жағдайда немесе ол жоқ болған жағдайда шығындардың орнын толтыру көздері туралы шешімді Серіктестік Қатысушысы қабылдайды.

8.4 Қатысушы шешімінің негізінде Серіктестіктің қосымша қоры жарғылық капиталының 15 % көлеміне жеткенге дейін табыстың 5 %-ына дейінгі мөлшерінің есебінен қалыптасуы мүмкін.

8.5 Серіктестіктің қосымша қоры Серіктестіктің жыл нәтижесі бойынша шыққан шығындарының орнын толтыру, мемлекеттік конкурсқа қатысу туралы сұранымға, келісімшартты орындауға берілетін кепілдік беру үшін, Серіктестіктің жарғылық капиталын толықтыру үшін арналған.

 

  1. Ақпарат беру

 

9.1 Серіктестік бір ай мерзімінде Қатысушы талабы бойынша оның қызметі туралы ақпаратты беруге міндетті.

9.2 Серіктестік Қатысушыны келесі жағдайларда міндетті түрде хабардар етеді:

оның шешімдерінің орындалғандығы туралы;

  • Серіктестіктің белгілі бір қызмет түрлеріне алынған лицензиялар туралы немесе бұрын алынған лицензиялардың уақытша немесе толық күшінің жойылғандығы туралы;
  • Серіктестік мүлкінің тәркіленгендігі туралы;
  • баланстық бағасы Серіктестік активі мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын, Серіктестік мүлігін жою туралы;
  • Серіктестіктің қызметіне байланысты Серіктестікті және оның қызметкерлерін әкімшілік, қылмыстық жауапкершікке тарту туралы;
  • мемлекеттік құзырлы органдармен Серіктестік қызметін тексерудің басы, аяқталуы, қортындысы туралы
  • Серіктестікке мемлекеттік құзырлы органдардан Қазақстан Республикасының заң бұзушылықты дұрыстауына сәйкес актілерінің келуі туралы;
  • Серіктестіктің аудит қортындысы туралы;
  • Қатысушы мүддесін қозғайтын басқа да мәліметтері туралы.

 

  1. Серіктестіктің еңбек ұжымы

 

10.1 Серіктестік жұмысшыларына Қазақстан Республикасының заңдылықтарында анықталған барлық әлеуметтік-экономикалық құқығына кепілдік береді.

10.2 Серіктестік осы жарғыға сәйкес өз бетінше еңбекақы түрі мен жүйесін анықтайды, еңбек келісімшарттарында тарифтік ставкалар мен окладтарды қарастыра отырып, мемлекеттік тарифтерді сәйкес білікті мамандар мен жұмысшылардың еңбекақысының ең аз мөлшері ретінде қабылдайды.Директор және/немесе Құрылтайшы Қазақстан Республикасының еңбек туралы зыңы шеңберінде еңбек қарымқатынасына байланысты Серіктестік мәселелерін шешеді.

10.3 Серіктестік қызметкерлерінің еңбек ету жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың денсаулығы мен еңбек ету қабілетіне келтірілген зиянға заңда қарастырылған ретке сәйкес жауап беруге міндетті.

 

  1. Серіктестік қызметін тоқтату

 

11.1 Серіктестік өз қызметін келесі жағдайларда тоқтатады:

1) егер Жарғылық капиталын азайту нәтижесінде оның мөлшері заңнамаларда көзделген ең төменгі мөлшерінен аз болғанда;

2) егер Серіктестік Қатысушысы Серіктестіктің жарғылық капиталын заң және құрылтайшы келісім-шартта көрсетілген уақыт ішінде құрмаса;

3) банкрот болғанда;

4) Серіктестікті құруда жөндеуге келмейтін заң бұзылуға жол берілгендігімен байланысты тіркеуді жарамсыз деп тапқанда;

5) қажетті рұқсат қағаздарынсыз (лицензиясыз), заңға қайшы немесе заңды бірнеше рет және өрескел бұза отырып қызметті жүзеге асырған жағдайда;

6) қайта құру кезінде;

7) заңнамалық актілерде қарастырылған өзге жағдайларда.

11.2 Серіктестікті қайта құру (қосу, бөлу, бөліну, өзгеру) заңда қарастырылған ретпен жүзеге асырылады.

Қайта құру кезінде Серіктестіктің мүлкі, оның құқықтары мен міндеттері оның құқық мирасқорына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қатысушы бекіткен рет пен шарттарға сәйкес жүктеледі.

11.3 Серіктестік оның Қатысушысының немесе соттың шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ретпен тарауы мүмкін.

11.4 Серіктестікті Қатысушы немесе сот тағайындаған ликвидациялық комиссия таратады. Ликвидациялық комиссия тағайындалған уақыттан бастап Серіктестіктың жұмыстарын басқару құзыретіне ие болады.

11.5 Заңды тұлғалардың ортақ мемлекеттік реестріне Серіктестіктің таратылғандығы туралы жазба енгізілгеннен бастап тарату аяқталған, ал Серіктестік өз жұмысын тоқтатқан болып есептеледі.

 

 

«Парасат» Ұлттық ғылыми-

технологиялық холдинг» АҚ  

Басқарма төрағасы                                                                      Н. Бектұрғанов