Есептеме Москва қаласындағы Esri CIS оқу орталығына іссапар туралы

Москва қаласындағы Esri CIS оқу орталығына іссапар туралы

ЕСЕПТЕМЕ

 

География институтының қызметкерлері:

Абиева Д.К. – «География институты» ЖШС жобаларды басқару бойынша бас менеджері

Уразбаева Г.М. – Географиялық ақпараттық жүйелер зертханасының аға ғылыми қызметкері.

Іссапар мерзімі: 17.06.2019 ж. – 22.06.2019 ж.

Іссапар мақсаты: Жобалық жұмыстарды орындау барысында ArcGIS Enterprise жұмысының жаңа әдістері және қызметінің жаңа мүмкіндіктерін қолдану туралы теориялық және практикалық тәжірибе алу.

Нәтижесі: Esri CIS оқу орталығы ArcGIS Enterprise бойынша ұйымдастырған Корпорациялық веб-ГАЖ ішінде геодеректерді қолданушыларға ашу, Базалық орналастыру және басқару атты екі курс толық тыңдалды. Оқу тобы ТМД елдерінің әртүрлі ұйымдарының 7 адамынан құрылды.

Курс оқылып болған соң, оқу курстарының тақырыптары, жіктемесі, тиімділігі және одан алған білім мен тәжірибені тақырыптық жобаларда қолдану мүмкіндіктері талқыланды. Esri CIS оқу орталығының сертификатталған мамандары тыңдаушылардың курстар мен ArcGIS программалық өнімдеріне, сонымен қатар тыңдаушылар орындап жатқан жобаларда олардың қолданылу мүмкіндігіне қатысты сұрақтарға жауап берді.

«ArcGIS Enterprise – Корпорациялық веб-ГАЖ ішінде геодеректерді қолданушыларға ашу» және «ArcGIS Enterprise – Базалық орналастыру және басқару» курстарын өткендігі туралы бекітілген үлгідегі Esri компаниясының сертификаттары алынды.