«Алматы агломерациясы аумағындағы қар жамылғысында улы қосылыстардың шоғырлануы және таралу деңгейінің мониторингі және олардың табиғи нысандарға әсерін бағалау» ГҚ ЖТН АР05133353тақырыбы бойынша дала зерттеулері

Зерттеу тобының құрамы: топ жетекшісі, АҒҚ Мадибеков А.С., ҒҚ Исмуханова Л.Т., КҒҚ Кулбекова Р.А., КҒҚ Жәди А.Ө.

Іс-сапарға шығу уақыты: 22.01-27.02 және 08-12.04. 2019 ж.

Зерттеу нысаны: Алматы агломерациясының аумағы.

Жұмыстың мақсаты: Қар жамылғысындағы улы қосылыстардың мөлшері бойынша табиғи нысандардың ластану деңгейіне кешенді экологиялық-талдамалы баға беру.

Міндеттер: Алматы агломерациясы аумағында қатты жауын-шашынның (қар жамылғысының), топырақ пен мұздың гидрохимиялық және токсикологиялық параметрлеріне іріктеу.

Схема мониторинговых точек наблюдении на территории Алматинской агломерации

Мониторингті бақылау нүктелерінің схемасы бойынша Алматы агломерациясының аумағы

Сынамаларды іріктеу 2019 жылдың қаңтар айында қар мен мұзды жаппай еруі басталғанға дейін үш мезгілде жасалды. Антропогендік жүктеме деңгейіне сәйкес іріктеу нүктелері орналасқан АА аумағы шартты түрде 5 аймаққа бөлінді:

  • Таулы аймақтар;
  • Алматы қаласы аумағы;
  • Қала типті елді-мекендер;
  • Елді-мекендер;
  • Қапшағай су айдыны, оның жағалауы.

Зерттеу барысында қар мен мұздың әрбір сынамасында 4 гидрофизикалық және гидрохимиялық параметрлер және 7 токсикологиялық бақылаулар жүргізілді. Жиналған топырақ үлгілерінде 6 басым ауыр металдар мен полихлорлы бифенилдер анықталды.

Экспедициялық зерттеулер нәтижесі бойынша қар жамылғысының, мұздың және топырақтың сынамалары алынды:

- 125 сынама – ионды-тұздық құрамын және ауыр металдардың мөлшерін анықтауға алынды;

- 95 сынама – ПХБ-ға алынды және экстракцияланды.

Жалпы институт зертханасына гидрохимиялық және токсикологиялық талдауға 220 қар жамылғысының, мұздың және топырақтың сынамалары жеткізілді.

Қысқы дала жұмыстарына қойылған мақсаты мен міндеттері Бағдарламаға сай толық орындалды. Зерттеу нәтижелері 2019 жылдың есебінде келтірілген.

2 3
4 5

Қар сынамасын алу

6 7
8 9
Топырак сынамаларын алу