Зертхана жетекшісі– география ғылымдарының кандидаты Айсулу Алашевна Турсунова
Зертхананың қысқаша тарихы. Су ресурстары зертханасы 2005 жылы География институтының құрылымында гидрология, көлтану, қоршаған ортаны қорғау, су-экологиялық мәселелер зертханаларының (топтар) негізінде құрылған.
Зертхананы құруға тұщы су ресурстарының ластануына және сарқылуына байланысты дүниежүзіндегi гидроэкологиялық мәселелердiң асқынуы негiз болды. Әр жылдары зертхананы профессор, т.ғ.д., Турсунов Абай Абдурахманұлы, профессор, г.ғ.д. Жақып Достайұлы, г.ғ.к. Әлімқұлов Саят Қ. сияқты Қазақстанның су саласының беделді қызметкерлері басқарды
Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары:
- Орталық Азияның ағынсыз алаптарының гидроэкологиялық ахуалын басқару мәселелері.
- Шаруашылық әрекеттер мен қлимат өзгерістерін есепке ала отырып Қазақстанның су ресурстарын бағалау және болжау мәселелері.
- Қазақстанның трансшекаралық алаптарындағы су ресурстарын мемлекетаралық пайдалану мен қорғау мәселелері.
Кадрлық әлеуеті. Қазіргі уақытта зертханада 16 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 2 – география ғылымдарының кандидаты, 1 – PhD докторы, 4 – ғылыми қызметкер, 5 – кіші ғылыми қызметкер, 3 – жетекші инженер бар. Қазіргі уақытта, зерхананың 4 қызметкері Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында PhD докторантурасында білім алуда.
Зертхананың құрал-жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыздандырылуы. Зертхананың мониторингтік тірек пункті (Арқар ауылы), сондай-ақ IBM РС тұрпатындағы заманауи ПЭВМ паркі, гидрометриялық зырылдауықтары: ГР-99 – 1998 ж., ГР-21 – 1998 ж., НТ-500 нивелир-теодолиті – 2001 ж., SAL 32ND оптикалық нивелирі, деңгей өлшегіштері, NIKON (japan) Ni-103 сандық теодолиті, Leica Disto D5 (9031803800) лазерлік қашықтық өлшеуіші, «Казанка» және «Обь» қайықтары, Жапонияда жасалған YAMAHA 40 XMHS аспалы қайық моторы, ПЛМ HONDA (15 л.с.) (4-х такт.) BF15SHD қайық моторы, Davis Vantage 6250 метеостанциясы, АҚШта жасалған акустикалық доплерлік RioGrandeWRZH 1200 профилографы, құрал-жабдықтармен жұмыс істеу бағдарламалары, DJI Phantom 4 pro квадрокоптері, Mitsubishi L-200-IV 4WD VIN MMCJNKB40BDZ24012 автокөлігі, сонымен қатар далалық жұмыстарды жүргізу үшін арнайы далалық қажет-жарақтары: палаткалар, карематтар, құтқару жилеттері, фонарлар, арнайы киімдер, аяқ киімдер және т.б. бар.
АҚШ-да жасалған акустикалық доплерлік профилографы
DJI Phantom 4 pro квадрокоптері
RioGrandeWRZH 1200
Алынған ғылыми жетістіктер:
- Өспелi антропогендік жүктемелердi және климат өзгерiстерiн есепке ала отырып, Қазақстандағы трансшекаралық алаптардағы су ресурстарын бағалау. Шекаралас елдердің шаруашылық қызметтерімен байланысты республикадағы трансшекаралық су ресурстарының болашақта азаюы күтiлетiнi көрсетiлген. Республиканы сумен орнықты қамтамасыз етуiне қосымша қауіпті жаһандық және аймақтық климат өзгерiстерiнiң салдарынан жергiлiктi су ресурстарының ықтималды азаюы әсер етеді.
- Өзен алаптарындағы су ресурстарымен атмосферадағы циркуляциялық үдерістердің өзара байланысты сипаты анықталды (Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан өзен алаптары бойынша).
- Іле-Балқаш алаптарындағы аймақтық табиғи-шаруашылық жүйесін орнықты сумен қамтамасыз етудің тұжырымдамасы жасалды.
- Қазақстан мүдделерiн жоғарғы дәрежеде есепке алып, трансшекаралық Іле өзені алабындағы су бөлудiң мемлекетаралық қағидалары халықаралық ағын сулар бойынша қабылданған құжаттар негiзiнде ұсынылды. Бұл Балқаш көлін мемлекетаралық мәні бар дербес нысаны ретінде қарауға ұсыныс жасалды.
- Қапшағай бөгенінің жұмыс жасау тиiмдiлігіне талдау берілген. Балқаш көлі және Іленің төменгi бөлігінің шаруашылығына әсері етпеу үлкен шығынсыз болуы Қапшағай бөгенің жобалық деңгейіне жеткізу (485 м) жағдайында мүмкін еместігі көрсетілген. ҚТД 475 м дейiн төмендеуiнің су шаруашылығы және экономикалық тиімділігі дәлелденген(су басу зонасындағы шығындардың 1,5 км3 дейiн азаюы бейөндірістік суды жоғалтуды қысқарту есебiнен). СЭС қиын қызметтерін сақтау және төменгi бөлігіндегі табиғи гидрология режимді қалпына келтiру мақсаттарында Іле өзені ағынының маусымдық - жылдық қарама-қарсы реттеуі бойынша ұсыныс енгiзілді. Судың бейөндірістік ең төменгі жоғалтуларымен Іле өзені жайылмасының табиғи кешенiне ең төменгi шығын салынған (Құланбас - 2) тұстамасының нұсқасы ұсынылды.
- Су ресурстарының артықтығы мен тапшылығын уақытша - кеңiстiкте үлестiрiлудi зерттеу үшiн Іле-Балқаш алабының су шаруашылық теңдестігінің динамикасының имитациялық үлгiсi, сонымен бiрге Балқаш көлінің тұздылығы мен деңгейлердiң көрсеткiштерiн анықтау жасалды. Сайып келгенде, мемлекетаралық мәннiң су шаруашылық жүйесiнде жұмыс жасауын басқару ережелерiн құрастыру және су шаруашылық бағдарламаларын iске асырудың тиiмдiлiгiн зерттеу үшiн құрал жасалды.
- География институтының ұсынысы негізінде КССРО Министрлер кеңесінің (03.07.1987 ж №7 хаттамасынан) табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау Комиссиясының Қаулысымен Қапшағай бөгенінің деңгейін жоба бойынша 485 м толтырылудың орынына 475,0 м деңгейде шектеу; суармалы жерлердің аудандарын жоспарланған 1 млн га-ның орынына 600 мың га-ға дейiн шектеу; (орташа-суы мол жылдары) 341, 5 м және (аз сулы жылдары) 340, 5 м белгiлерiмен Балқаш көлі суларының деңгейін нормалау туралы шешiм қабылданды.
Зертхана іргелі зерттеу бағдарламалары (ІЗБ) мен шаруашылық келісімшарт жобалары бойынша ғылыми-практикалық жұмыстарды орындауға белсене қатысады:
►2011–2013 жж. «Қазақстанның трансшекаралық өзендері», ғылыми-практикалық жұмыс, ауылшаруашылығы Министрлігіндегі су ресурстары комитетімен жасалған келісімшарт бойынша Ертіс пен Іле трансшекаралық өзендерінде су бөлісу бойынша негізгі техникалық бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін қытайлық ғалымдармен бірлескен ірі зерттеу жұмыстары жүргізілді.
►2014-2016 жж. Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігі: «Өзен ағындысының ресурстары: ретроспективті және келешектегі жағдайы» тапсырмасы бойынша «Қазақстанның су ресурстары және оларды пайдалану» геокеңістіктік ақпараттық жүйесі, ҚР БҒМ-мен келісімшарты бойынша. Тапсырманың ғылыми жетекшісі: г.ғ.д., проф. Достай Ж. Д.
►2015-2017 жж. «Оңтүстік-Шығыс Қазақстан өзендерінің су режимінің қазіргі өзгерістері және оның 2020-2050 жж. келешек жағдайы», ҚР БҒМ-нің гранттық қаржыландыру (Г.2015) аясында орындалған. Жобаның ғылыми жетекшісі: г.ғ.к. Алимкулов С.К.
►2015-2017 жж. «Іле өзені атырауының су-батпақ экожүйесін сақтаудың және ресурстарының әлеуетін жоғарылатудың гидрологиялық негіздері», ҚР БҒМ-нің гранттық қаржыландыру (Г.2015) аясында орындалған. Жобаның ғылыми жетекшісі: г.ғ.д., проф. Достай Ж. Д.
►2016-2018 жж. «Көлдер Атласын әзірлеу» ғылыми-техникалық жобасы, Ауыл шаруашылығы Министрлігі, Су ресурстары Комитетімен келісімшарт бойынша дайындалған. Жобаның ғылыми жетекшісі: г.ғ.к. Алимкулов С.К.
►2017–2018 жж. «Метеорологиялық сипаттамалардың кеңістіктік-уақыттық өзгергіштігін ескере отырып Балқаш көлінің шығыс салаларының су ресурстарын бағалау» бағдарламасы. Жобаның ғылыми жетекшісі: г.ғ.к. Алимкулов С.К., тапсырыс беруші «Қазақстан Қолданбалы Экология Агенттігі» ЖШС.
►2018–2020 жж. Бағдарлама: «Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасының трансшекаралық өзен алаптары: 2050 жылға дейінгі мерзімде халықты және экономиканы климаттық өзгерістер мен шаруашылық әрекеттер жағдайында сумен тұрақты қамтамасыз етудің ғылыми-қолданбалы негіздері» ішкі бағдарлама 3: Климат өзгерістері мен антропогендік жүктемелердің өсуі жағдайында Іле және Ертіс өзендері трансшекаралық алаптарындағы өзен ағындысының ресурстары, ҚР БҒМ-мен келісімшарты бойынша. Ішкі бағдарламаның ғылыми жетекшісі: г.ғ.к. Алимкулов С.К.
►2017–2019 жж. Бағдарлама: 254 «Су ресурстарын тиімді басқару» ішкі бағдарлама: 103 «Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану» тақырыбы: «Аймақты ауылшаруашылық игеру және су ресурстарын алапаралық қайта үлестірудің келешегін ескере отырып Ертіс алабының табиғи-шаруашылық жүйесінің сумен қамтылуын бағалау және болжау», Ауыл шаруашылығы Министрлігі, Су ресурстары Комитетімен келісімшарт бойынша дайындалған. Жобаның ғылыми жетекшісі: г.ғ.к. Алимкулов С.К.
►2019–2021 жж. бағдарлама бойынша: 254 «Су ресурстарын тиімді басқару» ішкі бағдарлама: 103 «Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану» ауыл шаруашылығы Министрлігінің су ресурстары Комитетімен келісім бойынша «Қазақстан өзендерінің паспортын әзірлеу». Жобаның ғылыми жетекшісі: г.ғ.к. Әлімқұлов С.Қ.
Халықаралық ынтымақтастық:
- Юстин Либич Университеті, Гиссен қаласы, Германия.
- Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университеті, Санкт-Петербург қаласы, РФ.
- Ресей мемлекеттік гидрометеорология университеті,Санкт-Петербург қаласы, РФ.
- Ресей мемлекеттік гидрология институты (РМГИ), Санкт-Петербург қаласы, РФ.
- Ташкент ауылшаруашылық механизация және ирригация институты, Ташкент қаласы, РУз.
- ҚХР ғылым Академиясының экология және география институты, Үрімжі.
- Қырғызстан ҰҒА су проблемалары институты.
- Ұлықбек атындағы Өзбек ұлттық университеті, Ташкент қаласы.
- РҒА География институты, гидрология және климатология зертханасы, Мәскеу қаласы.
- Тау ісі және металлургия институты (изотоптық гидрология), Краков қаласы, Польша.
Даму болашағы:
- ҚР су қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша гидрологиялық аспектілерді іргелі және қолданбалы зерттеу.
- ҚР жер беті су ресурстарының болашақтағы жағдайын (болжау) және бағалау.
- болашақта ескерту мақсатымен ҚР су нысандарының қауіпті гидрологиялық құбылыстарын зерттеу.
- ҚР су бөлудің трансшекаралық аспектілері.
Ғылыми зерттеулердің өндіріске енген нәтижелері («Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес проблемалық мәселелер)
Институттың су мәселелері бойынша соңғы 3 жылдағы жұмысының нәтижелерi «Қазақстанның су ресурстары: бағалау, болжау, басқару» атты, жоспарлаушы және жобалаушы ұйымдар мен мемлекеттiк басқару орғандарына қолдану үшiн тапсырылған 30-томдық монографиясы жарыққа шықты. Қазақстан Президентінің тапсырмасын орындау үшін жұмыстардың нәтижелері «Су ресурстарын 2050 жылға дейiн басқару» ұзақ мерзiмдiк мемлекеттiк бағдарлама жасау барысында пайдаланылуда.
2011–2013 жж. «Қазақстанның трансшекаралық өзендері»,ғылыми-практикалық жұмыста Ертіс пен Іле трансшекаралық өзендерінің суын бөлісу бойынша негізгі техникалық бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін қытайлық ғалымдармен бірлескен ірі зерттеу жұмыстары жүргізілді. Аралық зерттеулерде алынған нәтижелер Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау бойынша Бiрлескен комиссияның 10-шы мәжiлiсінде (2013 жылдың 15-17 қаңтарында) ұсынылды және мақұлданды. Сонымен бiрге бұл жұмыс ҚР ҚОҚМ су ресурстары жөніндегі комитетіне – қазақстандық жұмыс тобының сарапшылары мен үйлестірушілеріне тапсырылды.
Негізгі жарияланымдары:
Зертхана қызметкерлері қазақ, орыс, ағылшын, неміс және қытай тілдерінде 200-ден астам мақала, монография жазып, Қазақстанның, ТМД елдерінің және алыс шетел баспаларында, жариялады:
- Турсунов Абай А., Махпир Жаппар. Введение в гидро-экологию в Центральной Азии. -Китай: Science Press, 1996, 213 с.
- Турсунов А. А. Oт Apaлa дo Лoбнopa ,2002 г. Алматы,"Bepeнa», 384 с.
- Проблемы гидроэкологической устойчивости в бассейне озера Балкаш (коллектив авторов, под редакцией Самаковой А. Б., часть I – 584 с., часть II – 586 с.). Алматы: Каганат, 2003–2004.
- Достай Ж.Д. Управление гидроэкосистемой бассейна озера Балкаш. Алматы, 2009. 236 с.
- Достай Ж.Д., Турсунова Айс.А. Проблемы казахско-китайских межгосударственных водных отношений: оценка состояния и пути решения // Днепропетровский научный вестник. 2010. №1(104). С. 40-50.
- Достайұлы Ж. Жалпы гидрология. Алматы: Қарасай, 2011. 280 б.
- Водные ресурсы Казахстана: оценка, прогноз, управление. Том VII. Ресурсы речного стока Казахстана. Кн.2 : Возобновляемые ресурсы поверхностных вод юга и юго-востока Казахстана/ Достай Ж.Д., Алимкулов С.К., Сапарова А.А. –Алматы, 2012 г. – 360 с.
- Водные ресурсы Казахстана: оценка, прогноз, управление. Т. 2. Природные воды Казахстана: ресурсы, режим, качество и прогноз / Достай Ж.Д. – Алматы, 2012. – 330 с.
- Достай Ж.Д., Алимкулов С.К., Сапарова А.А. Водные ресурсы Казахстана: оценка, прогноз, управление. Т.7. Ресурсы речного стока Казахстана. Кн. 2. Возобновляемые ресурсы поверхностных вод юга и юго-востока Казахстана/ – Алматы, 2012. – 360 с.
- Алимкулов С.К., Турсунова А.А., Сапарова А.А., Загидуллина А.Р. Водные ресурсы речного стока южных регионов Казахстана: ретроспективное состояние, закономерности распределения // Материалы международной научно-практической конференции «Водные ресурсы Центральной Азии и их использование», посвященной подведению итогов объявленного ООН десятилетия «Вода для жизни». Казахстан, Алматы, 22-24 сентября 2016 г. - Книга 1– С. 218-226.
- Dostay S. Alimkulov A. Tursunova Modern hydrological status estuary of Ili River Arabian Journal of Geosciences, DOI 10.1007/s12517-012-0561-2 Published online: 11 April 2012 ORIGINAL PAPER Impact factor 1,141
- Tursunova, A. The interrelation of circulation processes in the atmosphere by B. L. Dzerdzeyevskiy with the change of runoff in the basins of rivers of South Kazakhstan / A. Tursunova / Applied Water Science. – Springer, 2015. – 10 p. Онлайн: http://link.springer.com/article/10.1007%2Fs13201-015-0272-4 – Published online: 06 March 2015 – DOI 10.1007/s13201-015-0272-4
- Достай Ж.Д., Достаева А.Ж., Турсунова А.А. Экстремальные гидрологические явления в Казахстане // Роль географии в изучении и предупреждении природно-антропогенных стихийных явлений на территории СНГ и Грузии. – Москва, 2015. – С. 160-169.
- Tursunov A., Romanova S., Myrzakhmetov A. Analysis of the Current Situation and Tendencies of Further Development of Worldwide and Local Science «Safety of Water » // International Journal of Engineering and Innovative Technology. - - Volume 3, Issue 2. - IF 1.895. - Р. 263-266. (Цитируется с ISRAJIF)
- Myrzakhmetov A., Dostay Zh., Alimkulov S., Madibekov A. Level regime of Balkhash lake as the indicator of the state of the environmental ecosystems of the region // International Journal of Advanced Research in Science, Engineering and Technology. (ISRAJIF 0.537)– September 2017. - Vol. 4, Issue 9. – P. 4554-4563.
- Petr Andreevich Plekhanov, Nadira Nusupkyzy Medeu. Extreme Hydrological Phenomena in the Esil River Basin:Genesis, General Patterns of Manifestation// Journal of Ecological Engineering Volume 20, Issue 7, July 2019, pages 187–195.
Экспедициялық және далалық зерттеулер.
Зертхана базасында эксперименталды гидроэкологиялық және метеорологиялық бақылау жүргізу үшін Іле өз атырауындағы Алматы облысының Архар ауылында 1986 жылдың екінші жартысында құрылған, мұнда «АРХАР» мониторингінің тіректі орны жұмыс істейді .
"Метеорологиялық сипаттамалардың кеңістіктік-уақыттық өзгергіштігін ескере отырып, Шығыс Балқаш ағынының су ресурстарын бағалау" жобасы аясындағы далалық зерттеу жұмыстары
Сапар күндері: 2018 жылдың 21-29 маусым аралығы
Зерттеу тобының құрамы: «Су ресурстары» лабораториясы : 1) ҒК Кулебаев К.М., 2) ҒК Смагулов Ж.Ж., 3) жүргізуші Нурбаев Н.
Зерттеудің мақсаты: Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі өзендердің таудан сағаға дейін шығу кезінде арналық су теңдестігін бағалау үшін су объектілерінің сандық сипаттамалары туралы табиғи деректерді алу болып табылады.
Негізгі міндеттері:
- -Шығыс Балкаш салаларының алаптарының алдын ала тексеру
- Арналық шығындарды анықтау үшін Шығыс Балкаш ағынының су шығынын өлшеу
Қаратал өзені - Үштөбе гидрометриялық тұстамасы
Лепсі өзенінің жоғарғы гидроэлектр кешені
DJI Phantom 4 pro квадрокоптерімен түсіру жұмыстары
«АЕртіс алабының табиғи-шаруашылық жүйесін аумақты ауыл шаруашылық игеру және су ресурстарын бассейнаралық қайта бөлу перспективаларын ескере отырып сумен қамтамасыз етуді бағалау және болжау» жобасы аясындағы далалық зерттеу жұмыстары
Сапар күндері: 2018 жылдың 5-29 шілде аралығы
Зерттеу тобының құрамы: «Су ресурстары» лабораториясы : 1) ҒК Кулебаев К.М., 2) ҒК Смагулов Ж.Ж., 3) жүргізуші Манапов С.Т.
«Табиғи-шаруашылық жүйесін сумен қамтамасыздандыру зертханасы» АҒК Таиров А.З.
Зерттеудің мақсаты: арналық су теңдестігін бағалау үшін су объектілерінің сандық сипаттамалары туралы табиғи деректерді алу
Негізгі міндеттері:
- Ертіс өзенінің сол жағалауының алабының алдын ала тексеру;
- Ертіс өзені ағысының су шығынын өлшеу;
- Төменгі Ертістің Жайылма телімлерінің шекараларын анықтау және алдын ала тексеру
Үлкен Бөкен өзенінен су өтімін өлшеу барысы
Ертіс өзенінің атырауы
Баннер