Г.В. ГЕЛЬДЫЕВА АТЫНДАҒЫ ЛАНДШАФТТАНУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕРІ ЗЕРТХАНАСЫ

    
  Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - Kuderin-photo-5-768x1024.jpeg

Зертхана жетекшісі – PhD доктор

Кудерин Аманжол Алимжанович

Іргелі және қолданбалы зерттеулердің ғылыми жетекшісі – география ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор

Скоринцева Ирина Борисовна

Зертхана тарихы. Ландшафттану және  табиғатты пайдалану мәселері зертханасы 1960 жылы Қазақ ССР ҒА-ның география бөлiмiнің жанындағы ландшафттық топтар ұйымының басшысы география ғылымының докторы, профессор Виктор Михайлович Чупахинаның жетекшілігімен ашылған. 1976 жылдан 2006 жылдар аралығында Қазақстандағы ланшафттық мектептің негізін қалаушы болып табылатын белгілі ғалым, география ғылымының докторы, профессор Галина Викторовна Гельдыева осы  зертханаға жетекшілік етті. 2006 жылдан 2024 жылға дейін зертхана меңгерушісі г.ғ.д., қауым. профессор Скоринцева Ирина Борисовна болды. Қазіргі кезде зертханаға PhD доктор Аманжол Кудерин басшылық етуде. Зертхана қызметкерлерінің ғылыми ізденістері территорияның үйлесімді дамуына қол жеткізуге, сонымен қатар антропогендік әсердің  бірнеше түрлері мен формалары жағдайында ландшафттарды пайдаланудағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.

Ландшафт2

Қазақстан ландшафттары

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары:

  • Қазақстан ландшафттарын жіктеу және жүйелеу;

  • Әр түрлі масштабтағы ландшафттық және ландшафттық-экологиялық картографиялаудың принциптері мен әдістері;

  • Қазақстанның құрғақ аймақтарындағы ландшафттық-ирригациялық жүйелердің тұрақтылығын бағалау және картографиялау принциптері мен әдістері;

  • Тұрақты табиғатты пайдалану мақсатында трансшекаралық аумақтардың ландшафтық және ландшафтық-экологиялық жағдайын бағалау және картографиялау әдістері;

  • Тұрақты табиғи-шаруашылық жүйелерді ұйымдастыруға бағытталған кешенді ландшафтық-экологиялық және экологиялық-демографиялық зерттеулер;

  • Әр түрлі антропогендік әсерлер жағдайында Қазақстан Республикасының аумағын ландшафтық-экологиялық бағалаудың өлшемдерін анықтау;

  • Қазақстан Республикасында аумақтық жоспарлау, Жер кадастры, табиғи-ауылшаруашылық жүйелердің тұрақты дамуы, жер пайдалану мен жерге орналастыру мақсаттарына арналған қолданбалы және мақсатты ландшафтық зерттеулер.

Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу бағдарламаларын іске асыру нәтижесінде келесі негізгі нәтижелерге қол жеткізілді:

  • Шөлденумен күрес жөніндегі өңірлік схемаларды ландшафтық тұрғыдан қамтамасыз ету теориясы мен әдістері;

  • Рационалды жер пайдалану және жерге орналастыру, жер кадастры жобаларын ландшафтық-экологиялық қамтамасыз ету теориясы мен әдістері;

  • Ландшафтық-экологиялық факторларды ескере отырып, әлеуметтік-демографиялық үдерістерді бағалау және картографиялаудың теориясы мен жаңа әдістемелік тәсілдері;

  • Қазақстанның құрлық ішіндегі тұрақсызданған бассейндеріндегі суармалы егіншілік аймақтарын ландшафтық-экологиялық бағалау және картографиялау әдістері мен өлшемдері;

  • Ауыл шаруашылығы өндірісінің ландшафттарға әсерін бағалау әдістері;

  • Қазақстанның шекара маңындағы аумақтарын әр түрлі шаруашылық әсер жағдайында ландшафтық-экологиялық бағалау және картографиялау әдістері мен өлшемдері;

  • Қазақстанның табиғи-шаруашылық жүйелерінің ландшафтық-экологиялық жағдайын талдау және бағалау әдістемесі;

  • Ландшафттық әртүрлілікті жүйелеу және жіктеу жүзеге асырылып, ландшафттық карталардың шартты белгілер құрылымы мен мазмұны әзірленді;

  • Қазақстан жайылымдық алқаптарын геоақпараттық қамтамасыз ету: жайылымдық азықтық қорлардың, мал жүктемесінің, жайылымдарды суландырудың, тұқымдық аудандастыру мен резервтік жерлер есебінің ГАЖ-картографиялық модельдерін жасау арқылы жайылымдық мал шаруашылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету;

  • Қазақстанның шекаралас аумақтарында трансшекаралық ынтымақтастық аясында тұрақты табиғатты пайдалануды ұйымдастыру схемалары;

  • Қазақстанның шөлді табиғи-ауылшаруашылық жүйелерінде теңгерімді жер пайдалануға бағытталған ландшафтық жоспарлау бойынша теориялық-әдістемелік және қолданбалы тұжырымдамалар;

  • Қазақстан өңірлерінің карталар сериясы: түгендеу, бағалау, индикациялық, болжамдық, ұсынымдық, ғылыми-анықтамалық, көп мақсатты және т.б.

 Кадрлық әлеует. Қазіргі кезде зертханада 8 адам жұмыс істейді:

- PhD доктор Кудерин Аманжол Алимжанович, зертхана жетекшісі;

- г.ғ.д., қауым. проф Скоринцева Ирина Борисовна, бас ғылыми қызметкер;

- т.ғ.д., проф. Мустафаев Жумахан Сулейменович, бас ғылыми қызметкер;

- б.ғ.к. Басова Татьяна Анатольевна, бас ғылыми қызметкер;

- PhD доктор Алдажанова Гульнара Булатовна, аға ғылыми қызметкер:

- Тулетаев Асхат Боромбаевич, ғылыми қызметкер;

- Омаров Айдос Нурланович, ғылыми қызметкер

- Керимкулов Батыр Керимкулович, жетекші инженер.

Зертхана мамандарының табиғатты пайдалану мәселелерін шешу, картографиялау, экология және қоршаған ортаны қорғау, ландшафттану және басқада салаларда көп тәжірибе жасаған әрі жоғары санаттары бар. Қызметкерлер Жерді арақашықтықтан зондылау материалдары мен ГАЖ-технологияларын пайдалануда олардың біліктілігін анықтайтын халықаралық сертификаттың иелері.

Ландшафт3

Шортанды-Бурабай курорттық зонасы ландшафттық картадан үзінді

Зертхана қызметкерлерінің Хирш индексі Scopus (h-index) сәйкес

https://www.scopus.com/pages/home#basic 

- д.т.н., проф. Мустафаев Жумахан Сулейменович – 5

- д.г.н., ассоц. проф. Скоринцева Ирина Борисовна – 4

- к.б.н. Басова Татьяна Анатольевна – 3

- PhD доктор Кудерин Аманжол Алимжанович – 2

- PhD доктор Алдажанова Гульнар Булатовна – 2

- Тулетаев Асхат Боромбаевич - 2

- Омаров Айдос Нурланович - 1

Даму болашағы. Соңғы жылдары зертхана Қазақстан экономикасының жаңа салаларын дамыту үшін маңызды болып табылатын бірқатар перспективалы бағыттарды дамытуда:

  • Қазақстан Республикасының аймақтарындағы ландшафттық әртүрлілікті бағалау – жерді ұтымды пайдалану және жерге орналастыру мақсатында;

  • Қазақстан Республикасының табиғи-ресурстық әлеуетін бағалау және картографиялау әдістемесін әзірлеу;

  • Қазақстан Республикасында тұрақты даму мақсатында ландшафттық жоспарлау жұмыстарын әзірлеу;

  • Қазақстан Республикасын бөлшектенген ландшафттық-агроэкологиялық аудандастыру;

  • Қазақстан Республикасындағы қалалық агломерациялар маңындағы аймақтардың ландшафттарын сәулет-жоспарлау және жобалау жұмыстарына арнап зерттеу және картографиялау;

  • Қазақстан Республикасында Жер кадастрын жасау жұмыстары үшін ландшафттық қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу;

  • Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық табиғи ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және т.б.

Жарияланымдар. Соңғы жылдары зертханада жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша 7 монография мен 170-тен астам ғылыми мақала жарияланды. Негізгі жарияланымдарға мыналар жатады:

Монографиялар:

  • Скоринцева И.Б., Басова Т.А., Мустафаев Ж.С., Калашников А.А., Цхай М.Б. Водная безопасность Республики Казахстан: трансграничный Арало-Сырдариинский бассейн. Т.VI: Водопотребление населением и отраслями экономики. – Алматы, 2024. – 204 с. ISBN 978-601-81100-4-7 (монография).
  • Мустафаев Ж.С., Турсынбаев Н.А., Кирейчева Л.B. Обоснование экосистемных услуг при обустройстве речных бассейнов (на примере реки Талас). – LAP LAMBERT Academic Publishing, 2022. – 127 с. ISBN: 978-620-5-50983-8 (монография).
  • Скоринцева И.Б., Басова Т.А., Калашников А.А., Крылова В.С., Мустафаев Ж.С. Водная безопасность Республики Казахстан: трансграничные бассейны рек Иле и Ертис. Т.VI: Водопотребление населением и отраслями экономики в бассейне рек Иле и Ертис. – Алматы, 2021. – 276 с. ISBN 978-601-80873-1-8 (монография).
  • Ландшафтно-экологические проблемы природопользования приграничных территорий Республики Казахстан. Алматы, 2011. - 236 с. (монография).
  • Ландшафтное обеспечение схемы борьбы с опустыниванием долины реки Сырдарья. Алматы: Аркас, 2004. - 235 с. (монография).

Скопус базасына енетін рейтингті журналдарда:

  • Tokbergenova A., Skorintseva I., Ryskeldiyeva A., Kaliyeva D., Salmurzauly R., & Mussagaliyeva, A. Assessment of Anthropogenic Disturbances of Landscapes: West Kazakhstan Region // Sustainability, – 2025. – Т. 17. – №. 2. – С. 573. https://doi.org/10.3390/su17020573 (Scopus: CiteScore 6.8 / SJR 0.672 / SNIP 1.086, Q1, 88-процентиль)
  • Umirzakov S., Mustafayev Z., Tokhetova L., Baimanov Z., Akylbayev K., & Koldasova L. Modeling the Process of Crop Yield Management in Hydroagro-Landscape Saline Soils // Sustainability. – 2025. – Т. 17. – №. 9. – С. 4214. https://doi.org/10.3390/su17094214 (Scopus: CiteScore 6.8 / SJR 0.672 / SNIP 1.086, Q1, 88-процентиль)
  • Toletayev A., Mustafayev, Z., Skorintseva I., Bassova T., & Omarov, A. Assessment of agroclimatic resources in agricultural landscapes of the Turkestan region of the Republic of Kazakhstan // Journal of Water and Land Development. – 2024. – С. 76-87-76-87. https://doi.org/10.24425/jwld.2024.151555 (Scopus: CiteScore 2.1 / SJR 0.282 / SNIP 0.541, Q3, 51-процентиль)
  • Mustafayev Zh., Skorintseva I., Toletayev, A., Kuderin A., & Omarov A. Assessment of soil resources of agricultural landscapes in Turkestan region of the Republic of Kazakhstan based on agrochemical indexes. Open Geosciences. – 2024. – V. 16. – №. 1. – №. https://doi.org/10.1515/geo-2022-0652 (Scopus: CiteScore 3.1 / SJR 0.401 / SNIP 0.676, Q2, 60-процентиль)
  • Mustafayev Zh., Skorintseva I., Toletayev, A., Aldazhanova G., & Kuderin A. Comprehensive assessment of water supply of the Turkestan region for the development of economic sectors and recreational tourism. GeoJournal of Tourism and Geosites. – 2024. – Т. 52. – №. 1. – С. 20-29. https://doi.org/10.30892/gtg.52102-1179 (Scopus: CiteScore 3.0 / SJR 0.332 / SNIP 0.962, Q3, 71-процентиль).
  • Mustafayev Zh., Medeu A., Skorintseva I., Bassova T., & Aldazhanova G. Improvement of the Methodology for the assessment of the agro-resource potential of agricultural landscapes // Sustainability. – 2024. – Т. 16. – №. 1. – p. 419. https://doi.org/10.3390/su16010419 (Scopus: CiteScore 5.8 / SJR 0.664 / SNIP 1.198, Q1, 87-процентиль)
  • Mustafayev Zh., Toletayev A., Skorintseva I., & Aldazhanova G. Assessment of Natural Moisture Availability of Turkestan Region of the Republic of Kazakhstan // Indonesian Journal of Geography. – 2023. – Т. 55. – №. 2. https://doi.org/10.22146/IJG.79703 (Scopus: CiteScore 1.3 / SJR 0.244 / SNIP 0.553, Q3, 35-процентиль)
  • Mustafayev Zh. Skorintseva I., Toletayev A., Bassova T., & Aldazhanova G. Assessment of climate change in natural areas of the Turkestan region of the Republic of Kazakhstan for the purposes of sustainable agricultural and recreational nature management // Geo Journal of Tourism and Geosites. – 2023. – Т. 46. – №. 1. – С. 70-77 https://doi.org/10.30892/gtg.46108-1002 (Scopus: CiteScore 3.9 / SJR 0.323 / SNIP 0.699, Q3, 71-процентиль).
  • Aldazhanova G., Beissenova A., Skorintseva I., Mustafayev Z., & Aliaskarov D. Assessment of land resources of the Zhambyl region as the basis of recreation development and food security of the Republic of Kazakhstan // Geo Journal of Tourism and Geosites. – 2022. – Т. 44. – №. 4. – С. 1183-1189. https://doi.org/10.30892/gtg.44401-933 (Scopus: CiteScore 3.9 / SJR 0.323 / SNIP 0.699, Q3, 67-процентиль).
  • Mustafayev Zh., Kozykeeva А., Tursynbayev N., & Kireicheva L. Applied model of environmental services-development of ecological and economic drainage system of transboundary river basins (on the example of the Talas river basin) // News of the National Academy of Sciences of the Republic of Kazakhstan, Series of Geology and Technical Sciences. – 2021. – Т. 5. – №. 449. – С. 77-83. https://doi.org/10.32014/2021.2518-170X.101 (Scopus: CiteScore 1.8 / SJR 0.378 / SNIP 0.524, Q3, 43-процентиль)
  • Medeu A.R., Skorinseva I.B., BasovaT.A. Water Supply to agriculture of Kazakhstan in the context of food security. Water resources of Central Asia and their use. Materials International Scientific-Practical Conference devoted to the summing-up of the «Water for Life» decade declared by the United Nations Almary, Kazakhstan, September 22-24, 2016 Volume 3. Алматы, 2016 – С. 202-211
  • I. Skorintseva, Phd student A. Kuderin, Phd T. Basova, Phd V. Krylova. Landscape and ecological bases of food security in the republic of Kazakhstan // 16th International multidisciplinary scientific geoconference & EXPO SGEM. Book 5. Ecology, Economics, Education and Legislation // Conference Proceedings, 2016. - Albena, Bulgaria, 2016. - p. 521-528. (Impact Factor in SCOPUS is - 5 and the hi-index in ISI Web of Science (Thomson Reuters) is 6, which has increased with the listings of SGEM 2015 volumes).
  • T. Basova, Phd student M. Khusnitdinova, Prof. G. Geldyeva, Prof. I. Skorintseva Anthropogenic disturbance of landscapes in the border area of Kazakhstan and Kyrgyzstan //16th International multidisciplinary scientific geoconference & EXPO SGEM. Book 5. Ecology,  Economics, Education and Legislation // Conference Proceedings, 2016. - Albena, Bulgaria, 2016. – p. 45-52. (Impact Factor in SCOPUS is - 5 and the hi-index in ISI Web of Science (Thomson Reuters) is 6, which has increased with the listings of SGEM 2015 volumes)

Ғылым және білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҚР ЖБҒМ) ұсынған басылымдарда:

  • Мустафаев Ж.С, Козыкеева А.Т., Шугайып У., Абдешев К.Б., Турсынбаев Н.А. Анализ и оценка тенденции изменения гидрологического режима рек в водосборе бассейна реки Нура // Гидрометеорология и экология. – 2025. – №. 1. – С. 8-23 https://doi.org/10.54668/2789-6323-2025-116-1-8-23
  • Попов Н. В., Ранова С. У., Камалбекова А. Н., Алдаберген Ұ. Р., & Скоринцева И. Б. Аналитический обзор исследований прорывных гляциальных селей в Казахстане // География и водные ресурсы. – 2025. – №. 1. – С. 125-139. https://doi.org/10.55764/2957-9856/2025-1-125-139.12
  • Егембердиева К. Б., Валеев А. Г., Юшина Ю. А., & Скоринцева И. Б. Оценка рекреационной нагрузки на туристские маршруты и береговые линии озер ГНПП «Бурабай» // География и водные ресурсы. – 2025. – №. 1. – с. 140-152. https://doi.org/10.55764/2957-9856/2025-1-140-152.13
  • Мустафаев Ж., Адильбектеги Г.,  Мустафаев К.,  Абдешев  К.,  Саспугаева Г.,  Турсынбаев Н.(2025). Моделирование    элементов водного баланса бассейна реки Сарысу на  основе  данных гидрологических и климатических   наблюдений. Вестник  ЕНУ имени  Л.Н. Гумилева.   Серия: Химия. География. Экология, 150(1),129-151. https://doi.org/10.32523/2616-6771-2025-150-1-129-151
  • Мустафаев Ж.С., Скоринцева И.Б., Омаров А.Н., & Тулетаев А.Б. Оценка агробиологических ресурсов ландшафтов сельскохозяйственного использования Туркестанской области Республики Казахстан в условиях изменяющегося климата // Гидрометеорология и экология. – 2024. – №. 2. – С. 113-127. https://doi.org/10.54668/2789-6323-2024-113-2-113-127
  • Мустафаев Ж. С. Методы определения радиационного баланса почвенного и растительного покрова сельскохозяйственных угодий // Гидрометеорология и экология. – 2024. – №. 2 (113). – С. 25-33. https://doi.org/10.54668/2789-6323-2024-113-2-25-33
  • Mustafayev Z. S., Kozykeyeva A. T., Abdeshev K. B., & Tursynbaev N. A. Spatio-temporary climate variability and their manifestations in the watershed of the Assa-Talas river basin // Journal of Geography & Environmental Management. – 2024. – Т. 74. – №. 3. https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v74.i3-05
  • Мустафаев Ж. С., Козыкеева А. Т., Тастемирова Б. Е., & Рыскулбекова Л. М. Оценка антропогенной нагрузки на водосбор бассейна реки Тобыл от источников загрязнения с математическим моделированием качества поверхностных вод // Гидрометеорология и экология. – 2024. – №. 3 (114). – С. 100-113. https://doi.org/10.54668/2789-6323-2024-114-3-100-113
  • Токбергенова А. A., Басова Т. А., Скоринцева И. Б., & Рыскельдиева, А. М. Оценка современной ландшафтной структуры Западно-Казахстанского региона // География и водные ресурсы. – 2024. – №. 3. – С. 84-95. https://doi.org/10.55764/2957-9856/2024-3-84-95.28
  • Мустафаев Ж., Кудерин А., Омаров А., & Тулетаев А. Нормирование водопотребления сельскохозяйственных угодий и культур с учетом пространственно-временной изменчивости гидрометеорологических факторов // География и водные ресурсы. – 2024. – №. 2. – С. 3-14. https://doi.org/10.55764/2957-9856/2024-2-3-14.8
  • Mustafayev Z., Tuletayev A., Kuderin A. Assessment of thermal and natural moisture provision in territory of Turkestan region of the republic of Kazakhstan in changing climate conditions // Journal of Geography & Environmental Management. – 2023. – Т. 68. – №. 1. https://doi.org/10.55764/2957-9856/2024-2-3-14.8
  • Aldazhanova G.B., Beisenova A.S. Assessment of environmental pollution of water and land resources of the territory of the Zhambyl region // Нучно-технический и производственный горный журнал Казахстана. – Алматы, 2019. – с. 39-40
  • Алдажанова Г.Б., Кудерин А.Б. Оценка земельных ресурсов Жамбылской области для целей сельскохозяйственного освоения // Вопросы географии и экологии – №2 – Алматы, 2019 - с.45-53
  • Крылова В.С., Скоринцева И.Б., Басова Т.А. Методические основы оценки и картографирования степени деградации земель сельскохозяйственного освоения Жамбылской области // Вопросы географии и геоэкологии. - № 3, июль-сентябрь 2018 г. – Алматы, 2018. - С. 119-127.
  • Кудерин А.А., Скоринцева И.Б., Басова Т.А., Крылова В.С. Ландшафтное планирование Жанакоргано-Шиелийского массива орошения Кызылординской области // Вопросы географии и геоэкологии. - № 3, июль-сентябрь 2018 г. – Алматы, 2018. - С. 45-55.

ТМД елдері мен алыс шетелдердің халықаралық конференцияларының материалдары:

  • Тулетаев А.Б., Басова Т.А., Омаров А.Н. Оценка устойчивости        ландшафтов Туркестанской области к сельскохозяйственному воздействию // Материалы международной научно-практической конференции «Антропогенное ландшафтоведение: методы исследования, модернизация и устойчивое развитие». – Самарканд, 17-18 мая 2024 г. – С. 158-161
  • Крылова В., Скоринцева И., Басова Т., Алдажанова Г. Оценка деградации земель сельскохозяйственного освоения Жамбылской области Республики Казахстан // Международная научно-практическая конференция: Экологические проблемы и устойчивое развитие регионов и городов Республики Казахстан. МГУ им. Ломоносова (Каз. филиал). Нур-Султан, – 2021. – С. 69-79.
  • Bassova T., Aldazhanova G., Krylova V., & Skorintseva I. Evaluation of the natural resource potential of Zhambyl region as the framework for the development of agricultural production // 20th International Multidisciplinary Scientific GeoConference SGEM 2020. – 2020. – С. 323-330. https://doi.org/10.5593/sgem2020/5.1/s20.041
  • Bassova T., Aldazhanova G., Skorintseva I., & Krylova V. Modern condition and tendencies of changing of the irrigated lands of the Zhambyl region of Kazakhstan // International Multidisciplinary Scientific GeoConference: SGEM. – 2019. – Т. 19. – №. 5.1. – С. 469-476. https://doi.org/10.5593/sgem2019/5.1/S20.059

Экспедициялық және далалық зерттеулер. Лабораторияда тұрақты түрде экспедициялық және далалық зерттеулер жүргізіледі. Ландшафттық-экологиялық мәселелерге арналған түрлі нысандар бойынша Қазақстан Республикасының аумағында лаборатория қызметкерлері далалық жұмыстар жүргізді. Бұл зерттеулер Қазақстан ландшафттарының қалыптасуы мен қызмет ету үдерістерін зерделеуге бағытталған. Далалық зерттеулердің басты басымдығы – антропогендік ықпал ету факторларының әсерінен ландшафттардың кеңістіктік-уақыттық өзгерістерін зерттеу, табиғи-шаруашылық жүйелердің тұрақтылығын анықтау, сондай-ақ Қазақстан ландшафттарының қазіргі жай-күйін мониторингтеу және картографиялау болып табылады. Далалық зерттеулердің негізінде республика мен оның аймақтарына арналған ландшафттық карталардың шартты белгілері мен мазмұны әзірленіп, Қазақстан өңірлеріндегі негізгі ландшафттық-экологиялық мәселелер айқындалды.

Зертхана баннері