«Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігі: мәселелері мен шешімдері» орталығы:

 www.aidahar.kz9_          Орталықтың ғылыми жетекшісі – Мальковский Игорь Михайлович география ғылымдарының докторы, профессор, ҰЖҒА академигі, ҚР "Ғылым және техника саласындағы" мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты (2013 және 2019 жж).
 2 Орталықтың басқарушы директоры - Әлімқұлов Саят Құрбанбайұлы "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, география ғылымдарының кандидаты, "әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы" ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2019 ж.)


1-бағыт.
Қазақстан Республикасының табиғи және экономикалық жүйелерінің су қауіпсіздігі.

        Мақсаты: Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының негізі ретінде ғылыми және қолданбалы су қауіпсіздігін қамтамасыздандыру.

 

  • Қазақстан Республикасының көрші елдермен мемлекетаралық су қатынастарын жақсарту.
  • Елдің су ресурстық әлеуетінің өзгеруі жағдайында Қазақстан Республикасының су шылығы басқарудың жүйелік инфрақұрылымын дамыту.
  • Пайдаланылатын судың өнімділігін арттыру арқылы Қазақстан Республикасының экономика салаларында су тұтынуды оңтайландыру.
  • Табиғи гидрографиялық желідегі экологиялық өндірістік емес су шығынын оңтайландыру.
  • Су ресурстарын жоспарлау және жобалау тәжірибесінде заманауи әдістерді, тәсілдерді, кешенді жүйелерді математикалық және компьютерлік модельдеу технологияларын құру, бейімдеу және енгізу негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық су шаруашылығы кешенін дамытудың баламалы сценарийлерін әзірлеу және бағалау.
  • Қазақстан Республикасының табиғи-экономикалық жүйелерінде су ресурстарын басқару және болжамдау міндеттері үшін жасанды интеллект пен нейрондық желілерге негізделген инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдану.

 

2-бағыт. Қазақстандағы жер үсті суларының ресурстары мен сапасын бағалау мен болжаудың теориясы мен әдістерін жасау.

Мақсаты: Қазақстанның шекарааралық, климаттық және антропогендік өзгерістер жағдайындағы жер үсті суларының ресурстары мен сапасын бағалау, болжау.

  • Су ресурстарын бөлудің аймақтық сипаттамалары тұрғысынан су ресурстарын бағалау және болжау.
  • Жер үсті суларының режимі мен сапасын зерттеу: өзендер, бұлақтар, көлдер, су қоймалары.
  • Қауіпті гидрологиялық құбылыстарды есептеу және болжау әдістерін әзірлеу.

 

3-бағыт. Су ресурстарын экономикалық бағалау

Мақсаты: - Қазақстан Республикасының су ресурстық әлеуетін экономикалық бағалау және орнықты даму жағдайында оны тиімді пайдалану бағыттары және нарықтық механизмдерді енгізу.

  • Нарықтық механизмдерге негізделген Қазақстан Республикасының су ресурстарын экономикалық бағалаудың принциптері мен әдістерін зерттеу.
  • Қазіргі заманғы нарықтық жағдайдағы Қазақстанның су-ресурстық әлеуеті және табиғи-экономикалық жүйелердің тұрақты дамуы жағдайында оны ұтымды пайдалану бағыттары.
  • Қазақстан Республикасының су-ресурстық әлеуетінің өзгеруі жағдайында суды пайдаланудың экономикалық тәуекелдерін басқарудың ғылыми және қолданбалы негіздері.