«Географиялық зерттеулер» орталығы

8

"Географиялық зерттеулер" орталығының басқарушы директоры - Ирина Борисовна Скоринцева  доцент, география ғылымдарының докторы.

 

1-бағыт. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

Мақсаты: Қазақстандағы табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық таза және экономикалық тиімді бағдарламаларының негізі ретінде табиғи-экономикалық жүйелердің (табиғи, әлеуметтік-экономикалық және туристік-рекреациялық ішкі жүйелердің) жай-күйін басқаруды қамтамасыз ету үшін ғылыми-әдістемелік және аналитикалық базаны құру.

  • Экономикалық және экологиялық сын-қатерлер жағдайында Қазақстан аймақтарындағы табиғи-шаруашылық жүйелерінің жай-күйін бағалауды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
  • Экодиагностика, табиғи-шаруашылық жүйелерді картаға түсіру және табиғатты тиімді пайдалану, экологиялық және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Қазақстан аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуетін бағалау.
  • Қазақстан аймақтарының тұрақты даму құралы ретінде табиғатты пайдалануды ұйымдастырудың ғылыми негізделген сызбаларын және оның перспективалық бағыттарын әзірлеу.

 

2-бағыт. Қауіпті табиғи процестер

Мақсаты: Өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік және аналитикалық базасын құру, қауіп-қатерлерді басқарудың теориялық және әдістемелік негіздерін әзірлеу.

  • Қазіргі заманауи әдістерді қолдану арқылы қауіпті табиғи процестердің көріністерін зерттеу: жер георадар, жер лазерлік сканері, ұшқышсыз ұшу аппараттары.
  • Сандық биіктік модельдерінің көмегімен нақты көріністерге негізделген табиғи қауіптерді үлгілеу.
  • Қашықтықтан зондылау әдісі мен ГАЖ- қолдана келе табиғи қауіптің кеңістіктік таралуын зерттеу.
  • Қауіпті табиғи процестер мен құбылыстар бойынша мәліметтер базасы мен ГАЖ құру.
  • Табиғи апаттар мен табиғи ортаның өзгерістерінің қатерлері мен қауіптерін бағалау және картографиялау әдістерін әзірлеу.
  • ТЖК, әкімдіктердің және басқа да мүдделі ұйымдардың өтінімдері бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи апаттар мен табиғи ортаның өзгерістерінің қауіптері мен қатерлерінің карталарын жасау.